Арнайы есепке алу бөлімінің қызметкерлері шетел азаматының жеке сәйкестендіру нөмерін алып берді
ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеуші азаматтарды құжаттандыру жұмысымен арнайы есепке алу қызметкерлері айналысады. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №37 мекемесінің арнайы есепке алу тобының қызметкерлері жуырда мекемеге жаза мерзімін өтеуге жіберілген шетел азаматының жеке сәйкестендіру нөмерін алып берді.
Мекеменің арнайы есепке алу бөлімінің аға инспекторы Мерей Табылғанованың айтуынша жаза мерзімін өтеуге жіберілген әрбір сотталғанның жеке істерін зерделеп, құжаттандыру мәселесін бірінші кезекке қойылады. Жуырда мекемеге жаза мерзімін өтеуге жіберілген Өзбекстан елінің азаматының құжаттарын зерделеп отырып, ЖСН жоқ екендігін анықтап, дереу іске кірістік. Мекеме әкімшілігі нотариаттық қызметке жүгініп, сотталғанның жеке тұлғасын анықтайтын құжатты мемлекеттік тілге аудармашы арқылы аудартқызып, құжаттарын Халыққа қызмет көрсету орталығына тапсырылды. Үш жұмыс күн ішінде сотталғанның жеке сәйкестендіру нөмерін алып бердік. Қазіргі таңда сотталған жұмысқа тұрғызылып, жалақысын алып, мемлекет алдындағы берешегін өтеп жатыр деді әділет аға лейтенанты Мерей Табылғанова.
- Мекеме қызметкерлерінің көмегімен ЖСН алдым. Қазір қай жерге барсаңызда ЖСН сұрайды. Мекеменің шаруашылық бөлімінде жұмысшы болып жұмыс жасаймын. Арнайы есепке алу бөлімінің қызметкерлеріне алғысым шексіз»,- деді сотталған шетел азамат.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]
23 пікір