Автокөлік құралдарының жалған транзитінен келтірілген залалдың алдын-ала сомасы шамамен 100 миллион теңгені құрайды
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде автокөлік құралдарының жалған транзит схемалары анықталды.
Шетелдік көліктерді алыс шетелден жеткізу ағынға қойылды, қылмыстық схема транзитті әдейі жалған аяқтауды көздеді, бұл контрабандистерге үлкен пайда табуға мүмкіндік берді.
Грузиядан "Құрық" теңіз портынан "жалған транзит" схемасы бойынша автовоздармен контрабандалық автомобильдер Өзбекстанға жіберілген.
Құжаттар бойынша "Құрық" теңіз порты арқылы 22 жеңіл автокөлік Өзбекстан еліне жеткізілуі тиіс болатын. Алайда, үш автовозбен тасымалданған автокөлік құралдары межелі Өзбекстан елі яғни Ташкент қаласына жеткізілмеген.
МКД Тарифтік реттеу басқармасының қорытындысына сәйкес мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала сомасы 98,8 миллион теңгеден асты.
Одан әрі, жеткізілмеген деректер бойынша тиісті шараларды жүргізу үшін Маңғыстау облысының экономикалық тергеп-тексеру департаментіне берілді. Күдіктілердің кінәсінің дәрежесін айқындай отырып, түпкілікті шешім тергеу нәтижелері бойынша қабылданатын болады.
Сондай–ақ, 2019 – 2022 жылдар кезеңінде Қазақстанға Маңғыстау облысының кедендік өткізу пункттері арқылы "уақытша әкелу" рәсімі бойынша он мыңнан астам автокөлік құралдары әкелінгені, оның ішінде 9800 автокөлікте мерзім өткендігі және оларды ЕАЭО-дан кері әкету міндеті жүзеге асырылмағандығы анықталды. Мемлекет төленбеген кедендік төлемдер мен салықтар түрінде 10 млрд. теңгеден артық соманы құрайды.
Осы фактілер бойынша полиция органдарымен тиісті бірлескен жұмыстар жүргізіліп және ЕАЭО кеден органдарымен ақпарат алмасу жүргізілуде.
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, өкінішке орай, көптеген адамдар үшін кедендік баждарды үнемдеу азғыруы ақшаны да, "темір тұлпары"да жоғалту қаупінен гөрі күшті болып қала беретінін атап өтеді.
Осыған байланысты, МКД-да шетелдік көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелу саласындағы алаяқтықпен байланысты негізгі аспектілерге парасатты қазақстандық автокөлік жүргізушілерінің назары аударылады.
Құқық қолдану практикасын талдауға сүйене отырып, "автомобиль" саласындағы қылмыстардың негізгі бөлігі келесі схемалар бойынша жасалады:
- Шетелдік автомашиналар ЕАЭО елдерінің аумағына уақытша әкелінеді және жалған құжаттар бойынша, полиция органдарында есептен шығарылғандай, Қазақстанға кедендік тазартусыз жіберіледі. Қазақстанда автокөлік шетелдік техпаспорт негізінде заңдастырылып, полиция органдарында тіркеліп, қазақстандық Тіркеу туралы куәлік ТС (техпаспорт) пен нөмірлерді алады. Кейіннен ол басқа адамға қайта сатылады.
- Автокөліктер көрші елдерден уақытша әкелу мәртебесінде әкелінеді және қазақстандық тұлғаларға сенімхат бойынша беріледі. Естеріңізге сала кетейік, ЕАЭО аумағында уақытша әкелінген шетелдік көлік құралын пайдалануға оны әкелуді жүзеге асырған тұлға ғана жол береді, ал автокөлікті пайдалану және оған билік ету құқығын басқа тұлғаға беру кедендік төлемдер мен салықтар толық төленген жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
- Контрабандалық автомобильде агрегаттардың (қозғалтқыш, шасси, шанақ) нөмірлері үзіліп, оларды заңды құжаттары бар қолданыстағы автомобильдің техникалық деректеріне сәйкестендіретін тағы бір нұсқа. Жаңадан құрылған "двойник" сатылымға шығады.
Бұл схемалардың барлығы қылмыстық және қылмыстық топтар тек пайда табу үшін пайдаланылатындығын есте ұстаған жөн. Автокөліктер мен жаңа иелердің болашақ тағдыры оларды қызықтырмайды.
Сонымен қатар, көптеген қазақстандық сатып алушылар алаяқтық туралы болжам жасайды, бірақ салыстырмалы түрде арзан бағамен (ҚҚС төлеуді ескере отырып, нақты құнның 15-30% үнемдеу) осындай мәмілелер жасауға барады.
"Осы схемалардың барлығының болашағы бір: заңнамаға сәйкес, бұл автомобильдер контрабандалық заттар деп танылғаннан кейін олар мемлекет кірісіне тәркіленетін болады. Сондықтан, импорттың күмәнді тарихы бар қымбат шетелдік машинаны сатып алмас бұрын, заңмен қиындық әрдайым қымбатқа түсетінін есте ұстаған жөн", - деп атап өтті Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Артём Әбілдинов.
[xfvalue_img]
32 пікір