Елордалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бюджет қаражатының 5,3 млрд теңге көлемінде үнемдеуге қол жеткізді
2021 жылы елордалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің ұсынымдары бойынша Мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын игеруіне мониторинг жүргізу аясында жалпы сомасы 5,3 млрд теңгеге бюджет қаражатын үнемдеуге қол жеткізілді.
Жүргізілген мониторингтің оң әсерін ескере отырып, бұл жұмыс ағымдағы жылы да жалғасын тауып 1 тоқсандағы жағдай бойынша бюджет қаражатын үнемдеу 481,7 млн теңгені құрады.
Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мемлекеттік сатып алу жоспарының мониторингі 7 конкурс бойынша шекті бағалардың көтерілуін белгілеуге мүмкіндік берді.
Сатып алынатын тауарлар саны мен бағаны көтерудің жиі кездесетін фактілері елорданың білім беру орындарының мемлекеттік сатып алу жоспарларында белгіленген. Мысалы, 737 оқушы білім алатын Нұр – Сұлтан қаласындағы мектептердің бірінде 20 млн теңгеден астам сомаға 4 тонна шай, 1,5 тонна итмұрын және 1,3 тонна лимон сатып алу жоспарланған болатын.
Нәтижесінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымдары бойынша сатып алынатын тауарлардың жоспарланған көлемі қайта қаралып, қысқартылды. Үнемдеу 99% құрады.
Басқа жағдайда, білім басқармасының мектепке дейінгі ұйымымен Нұр-Сұлтан қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымдарын қарау, сондай-ақ сатып алу көлемін қысқарту нәтижесінде жалпы сомасы 11,2 млн теңгеге 250 бірлік есікке доводчик алу жоспарланған болатын, үнемдеу 10 млн теңгені құрады.
[xfvalue_img]
52 пікір