Жамбылдық полицейлер есірткі заттарының таралуына тосқауыл қойды
Жамбылдық полицейлер есірткі заттарының таралуына тосқауыл қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Республикалық кең ауқымды “Допинг” жедел-іздестіру іс-шаралары аясында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданының 38 жастағы әйел тұрғынын ұстады.
Тексеру барысында “Бони” атты қызметтік ит оның тұрғын үйінің аумағында орналасқан сарайдан жалпы салмағы екі келіден асатын өсімдік тектес затты тапты, есірткі заты тәркіленіп, сотқа дейінгі сараптамаға жіберілді.
Ұсталған азаматша кінәсін мойындады. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Мұндай қылмыс жасағаны үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.
[xfvalue_img]