ЕЛОРДАЛЫҚ «ANTIKOR ORTALYGY» АЛАҢЫНДА КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ
Қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің «Antikor Ortalygy» сервистік орталығында азаматтарды қабылдау үшін көліктік бақылау бұрышы ашылды, оның мақсаты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және автомобиль, темір жол және су көлігімен жүктерді, жолаушылар мен багажды тасымалдау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою болып табылады.
Азаматтарды қабылдауды Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері әр бейсенбі күні сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін Нұр-Сұлтан қаласы, А. Тоқпанов көшесі, 45, Ақбұлақ-2 шағын аудан мекен-жайы бойынша жүзеге асырады.
[xfvalue_img]
7 пікір