Пробация есебіндегі азаматтарға азық- түлік таратылды
Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беріп, мейірімділік таныту арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Қайырымдылық көмек жасауды игі дәстүрге айналдырған Жаңақорған аудандық пробация қызметі жылдың басын жақсылықтан, қайырымдылық көмек көрсетуден бастады. Аудандық әлеуметтік бағдарламалар және хал актілер тіркеу бөлімімен бірлесіп, пробация қызметінің есебіндегі тұрмыс жағдайы төмен екі отбасыға азық-түлік таратты.
«Жақсылық жасау баяғыдан келе жатқан салтымыз. Жақсылық жасау арқылы, мейірімділігімізді көрсетеміз. Пробация есебіндегі азаматтар арасында жағдайы төмен отбасылар бар. Есептегі азаматтар болған соң, бәрінің жағдайы алақандағыдай белгілі. Сол себепті үнемі азық-түлік таратып, әлеуметтік көмек түрлерін көрсетіп келеміз»- деді аудандық пробация қызметі бөлімшесінің бастығы Анарбек Искаков.
Сонымен қатар, пробация қызметкерлері олармен құқық бұзушлық жасауын болдырмау мақсатында профилактикалық мәні бар сұхбат жүргізді.
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атақару жүйесі департаменті
[xfvalue_img]