Қазақстан Республикасының ОСК ТМД ПАА байқаушылар тобымен кездесті
2020 жылдың 23 желтоқсанында онлайн форматта Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшелері (бұдан әрі - ҚР ОСК) Бас хатшы - ТМД ПАА Кеңесі Хатшылығының Басшысы Д.А. Кобицкийдің басшылығымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД ПАА) мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының байқаушылар тобымен кездесті.
Кездесуді Берік Имашев ТМД ПАА байқаушыларымен сәлемдесумен ашып, осындай кездесулердің онлайн режимінде өткізілуін коронавирус пандемиясы кезеңіндегі нақты қажеттілік деп атап өтті. Одан әрі ҚР ОСК Төрағасы ТМД ПАА байқаушыларын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезекті сайлау бойынша ағымдағы сайлау науқанының негізгі кезеңдерімен таныстырды.
Өз кезегінде, Бас хатшы - ТМД ПАА Кеңесі Хатшылығының Басшысы Дмитрий Кобицкий кездесуді ұйымдастырғаны және өткізгені үшін ҚР ОСК-ға алғысын білдірді. ТМД ПАА өкілдері берілген мүмкіндікті пайдалана отырып, ағымдағы сайлауды дайындау мен өткізуге қатысты түрлі сұрақтар қойды.
Кездесу соңында тараптар сайлауды ұйымдастыру мен өткізу және оларды байқау бойынша жұмыста өзара табыс тіледі.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
[xfvalue_img]