ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде белсенді қоғам өкілдері марапатталды
Шығыс Қазақстанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының конвенциясына сәйкес 2004 жылдан бастап жыл сайын 9 желтоқсанда аталып өтетін Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай іс-шара өтті.
Алғы сөзді Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Ерлан Жалмағамбет сөйлеп, қазіргі таңда жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен іске асырылып жатқан жобалардың барысы туралы атап өтті.
Сондай-ақ, іс-шара барысында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры Мұхтар Төлеген «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесімен университет қабырғасында академиялық адалдық пен парасаттылық құндылықтарын насихаттау бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндап берді.
Академиялық адалдыққа қатысты өз пікірін Шығыс Қазақстан техникалық университетінің проректоры Сауле Рахметтулина да білдірді.
Жалпы іс-шарада жыл басынан бастап атқарылған жұмыстың қорытындылары талқыланып, өзара пікір алмасып, алдағы уақыттағы жұмыстың басты бағыттары айқындалды.
Іс-шараны қорытындылай келе, Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Ерлан Жалмағамбет барлық заңнамалық бастамалар Елбасы мен Президенттің Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған жүйелі және ойластырылған саясатын іске асыру болып табылатынын жеткізді. Ол қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамдық бақылау жүргізу тұрғысынан қоғам өкілдеріне жауапкершілік жүгі біршама артқанын айтты.
Соңында жемқорлыққа қарсы іс-қимылда айтарлықтай үлес қосқан, жобалық және мониторингтік топтардың, ҮЕҰ мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін мадақтамалармен және алғыс хаттармен марапаттау рәсімі өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыруға бағытталған қонкурстар жеңімпаздары құнды сыйлықтармен марапатталды.
[xfvalue_img]