«Оқулық» орталығы ұжымына «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбы аясында арнайы дәріс өткізілді

«Оқулық» орталығы ұжымына «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбы аясында арнайы дәріс өткізілді

Бүгін «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері  «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбы аясында арнайы дәріс өткізді.

Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық пен жаза турасында кеңінен ақпарат беріп, бұл келеңсіздікке қоғамдық ортада төзбестік ахуалын қалыптастыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және Антикор мен Орталықтың осы бағыттағы өзара іс-қимылын нығайту.

Жиын барысында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышыева «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер мен адалдық идеологиясын қалыптастыру» тақырыбында интерактивті құралдарды пайдалана отырып, кең ауқымды баяндама жасады.

Бұдан бөлек «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарма Төрағасының кеңесшісі Асхат Қожумов «Жемқорлықпен күрестің халықаралық тәжірибесі» тақырыбында баяндама оқыды.

Бұл орайда «Оқулық» РҒПО директоры Ғани Бейсембаев сөз алып, Орталықта жариялылық пен ашықтықтың басты назарға алынғанын және ағымдағы уақытта оқулықтарға сараптама жасау үдерісіндегі адами факторды барынша азайтып, автоматизация бағытында жұмыс жасалып жатқанын атап өтті.

«Біз мекемеміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты мен Іскери этикаға қатысты құжаттарын қабылдадық. Бұлар ұжымымыздың жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты сақтауы мен жұмыс барысында жемқорлық көріністерінің алдын алуы үшін бекітіліп отыр. Яғни тиісті заңдағы негізгі құндылықтар мен принцптер, басты ережелер қызметкерлерге түсіндірілді. Осылайша, өзара құрмет пен сенім, адалдыққа негізделген баршаға ортақ корпоративтік мәдениет қалыптастырылуда», - деп атап өтті Ғ.Бейсембаев.

Шара қорытындысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері «Оқулық» орталығы басшылығын Антикор алаңындағы «Антикорлайф» жобасы шеңберінде сұхбаттасуға шақырды. Ал Орталық жетекшілері тарапынан оқулықтардың экспертизасын тікелей жүзеге асыратын сыртқы сарапшыларға да Zoom платформасында тағы бір ақпараттық-насихат шарасын өткізу ұсынылды.

 Айта кетейік, «Оқулық» РҒПО білімнің мазмұнын бағалау,  оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сараптау арқылы білімнің сапасын қамтамасыз етуге атсалысады. Орталық өзінің құзіреті шегінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің міндеттемелерін орындап, оқулықтардың сапасын арттыру, сондай-ақ өскелең ұрпақтың  білімін жетілдіру бағытында жұмыс істейді. 

«Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының

Баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.