АНТИКОР INTEGRITYTECH ОНЛАЙН-ИДЕАТОН ӨТКІЗЕДІ
Ағымдағы жылдың тамыз айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық бақылаудың жаңа нысандары мен басқару шешімдерінің барынша ашықтығының қажеттігі туралы мәлімдеді. Осыған орай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Astana hub IT-стартаптар халықаралық технопаркімен бірлесіп, жемқорлықтың алдын алуға бағытталған цифрлық технологияларды енгізу бойынша жалпыұлттық идеялар жинағын іске қосады.
Бұл жоба инновациялық идеяларды шоғырландыру, IT-қоғамдастықты тарту арқылы үздік цифрлық шешімдерді қолдау және мемлекеттік басқару жүйесіне әдеттен тыс тәсілдерді тудыруда жас ұрпақтың мүмкіндіктерін көрсету мақсатында жүзеге асырылады. IntegrityTech идеатонының маңызды міндеттерінің бірі – сандық құралдарды қолдану арқылы қоғамдық бақылауды күшейту.
Қатысушылардың жобалары өтеулі негізде іске асырылатындығын, сонымен қатар техникалық қолдау және жаңа идеяларды сүйемелдеу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет негізінде жүргізілетіндігін атап өткен жөн. Жалпыұлттық идеяларды жинаудың тағы бір артықшылығы – жоба қатысушыларына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің серіктес ұйымдарында тағылымдамадан өту және жұмысқа орналасу мүмкіндігі беріледі.
Жоба жыл сайын 9 желтоқсанда атап өтілетін Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылған. Қатысуға өтінімдер ағымдағы жылдың 7 желтоқсанына дейін Astana Hub академиясының ресурстар порталында онлайн қабылданады. Үздік бастамалар 8 желтоқсанда іріктеледі. Ал олардың бағдарламашылар марафоны аясында іске асырылуын қазақстандықтар 2021 жылдың наурыз айында көре алады.
[xfvalue_img]