ӘМСҚ - Жыл басынан бері қазақстандықтар 6000-нан астам жоғары технологиялық медициналық қызмет алды

ӘМСҚ - Жыл басынан бері қазақстандықтар 6000-нан астам жоғары технологиялық медициналық қызмет алды

2020 жылдың 10 айында Қазақстан халқына 20,9 млрд теңге сомасына медициналық сақтандыру бойынша 6 715 жоғары технологиялық медициналық қызмет (ЖТМҚ) көрсетілді. Олардың басым бөлігін жүрек-қантамыр жүйесінің ауыр аурулары, нейрохирургиялық және гинекологиялық аурулары бар науқастар алды.

Емделген жағдайдың орташа құны-3,1 млн теңге.

«Айта кету керек, ЖТМҚ-ның 78 түріне қала тұрғындары да, шалғай ауылдар да бірдей қол жеткізе алады. Егер адам ауырып қалса, оған инновациялық технологияларды қолдана отырып диагностика мен емдеу қажет, онда тұратын жеріне қарамастан, ол жоспарлы медициналық көмекке сене алады, басты шарт – МӘМС сақтандырылу мәртебесі. Егер пациентке қажетті рәсім жергілікті деңгейде қол жетімді болмаса, оны облыстық немесе республикалық клиникаға жібереді», – деп түсіндірді әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі.

Жоғары технологиялық медициналық көмекті қалай алуға болатыны туралы №9 қалалық емхананың пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің басшысы Айгүл Әбікеева айтып берді.

Сарапшы «Егер адам өзін жайсыз сезінсе, ол учаскелік терапевтке жүгінуі керек, ол оған диагноз қойып, одан әрі тексерулерге және мамандандырылған мамандармен кеңесуге жібереді. Хирургия қажет пе, жоқ па деген қорытындыны ЖТМҚ осы түрін жүргізетін клиниканың дәрігері шығарады. Егер хирургиялық араласу қажеттілігі расталса, онда пациентті жоспарлы ем алуға дайындайды. Бұл үшін қажетті талдауларды жинауды және «Емдеуге жатқызу бюросы» порталына қоюды емхана жүргізеді», – деп атап өтті.

Бұл алгоритм қала тұрғындарына да, ауыл тұрғындарына да қатысты. Айта кету керек, әрбір пациент ЖИМҚ алғысы келетін ұйымды таңдауға құқылы.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражаты есебінен операциядан өткен пациенттер оңалтудан да өте алады. 2020 жылы ӘМСҚ осы қызметтердің 559 жеткізушісімен шарттар жасасты.

Егер пациентке медициналық көмек көрсетуден бас тартылса немесе оның оңалту қағидаларына қатысты сұрақтар туындаса, онда ол 1406 байланыс орталығына жүгіне алады немесе Qoldau 24\7 мобильдік қосымшасында өтініш қалдыра алады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.