Қор МӘМС пакетіндегі медициналық көмекті қаржыландыруға  163 млрд теңгеден астам қаражат бағыттады

Қор МӘМС пакетіндегі медициналық көмекті қаржыландыруға 163 млрд теңгеден астам қаражат бағыттады

 

Осы жылдың 8 айында әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС пакетіндегі медициналық көмекті төлеуге 163,6 млрд теңге жіберді, деп хабарлады ӘМСҚ баспасөз қызметі.

Осы жылдың 8 айында МӘМС-ға 351,2 млрд теңге жарналар мен аударымдар түсті. Бұл ретте мемлекет медициналық сақтандыру жүйесіне негізгі төлеуші болып қала береді, ол 15 жеңілдік санаты үшін жарна төлейді. Мемлекеттің жарналары 197,2 млрд теңгені, жұмыс берушілердің аударымдары – 100,9 млрд теңгені, 50,8 млрд теңгені қызметкерлер, ЖК, жеке практикамен айналысатын адамдар, өз – өзіне төлеушілер жарналары, БЖТ жарналары-2,3 млрд теңгені құрады.

МӘМС үшін жарналар мен аударымдар Ұлттық банктегі арнайы шотқа түсетінін, содан кейін қаражат МӘМС пакеті бойынша көрсетілген медициналық қызметтерді төлеуге Қордың жеткізуші медициналық ұйымдарына жіберілетінін атап өтеміз.

«Қазіргі уақытта елімізде емханаларға тіркелу науқаны жүріп жатыр. Бекіту науқанының қорытындысы бойынша медициналық ұйымдар бөлінісінде халықтың бөлінуін ескере отырып, 2021 жылға қаржыландыру жоспарланатын болады. Қор барлық қазақстандықтарды ескере отырып, дерекқордың абсолютті дұрыстығына мүдделі, өйткені әрбір тіркелген тұрғын үшін ай сайын медициналық ұйымдарға жан басына қаржыландыру төленеді», - деп еске салды Қорда.

Қаңтар - тамыз аралығында шығындардың басым бөлігі стационарлық медициналық көмек төлемі – 62 млрд теңгеден астам және ауылдағы стационарлар қызметі үшін-14,6 млрд теңгені құрады. 8 айда жоспарлы түрде еліміздің стационарларында 660 мыңнан астам адам ем қабылдады.

Консультациялық-диагностикалық көмек көрсеткені үшін медициналық ұйымдарға 54 млрд теңге төленді. Айта кету керек, КТ және МРТ қызметтері азаматтар үшін бұрынғысынша өзекті болып қалуда. 8 айда пациенттерге КТ және МРТ 400 мыңнан астам қызмет көрсетілді.

Қор халыққа жоғары технологиялық қызмет көрсеткені үшін 14 млрд теңгеден астам қаржы төледі, мұндай қызметтерді 4,5 мыңнан астам адам алды, 13 млрд теңге стационарды алмастыратын көмекті төлеуге бағытталды.

Биылғы жылдың 8 айында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халыққа 2,8 млн-нан астам стоматологиялық қызмет көрсеткені үшін 5,1 млрд теңге төледі.

Сонымен қатар, 67 мыңға жуық қазақстандық жедел жағдайдан (инфаркт, инсульт және т.б.) және операциялық араласудан кейінгі медициналық оңалту алды.

Естеріңізге сала кетейік, екінші тоқсанда карантин аясында жоспарлы түрде медициналық көмек көрсетуге шектеу қойылды. 1 тамыздан бастап еліміздің клиникаларында жоспарлы медициналық көмек қайта басталды, сондықтан тамыз-қыркүйек айларында МӘМС пакетінде халықтың медициналық қызметтерді тұтынуының өсуі байқалады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.