Армения Республикасында тіркеуде тұрған жеке көлік құралдарын Қазақстан Республикасы азаматтарымен пайдалану және Қазақстан Республикасына әкелу кейбір мәселелері туралы
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, мынаны хабарлайды.
«Армения Республикасында тіркеуде тұрған жеке көлік құралдарын Қазақстан Республикасы азаматтарымен пайдалану және Қазақстан Республикасына әкелу кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 қаулысына сәйкес 2020 жылғы 1 ақпанына дейін Қазақстан Республикасына әкелінген және Армения Республикасының уәкілетті орғандарында Қазақстан Республикасы азаматтарына тіркелген тұтқалы басқару сол жағында орналысқан көлік құралдары заңнама белгіленген тәртібінде мемлекеттік баж және мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеуімен тіркеуге жатады.
Көлік құралын тіркеген жағдайда кеден төлемдерді, механикалық көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркегені үшін алымды және залалсыздандыру төлемді төлеу қажеттігінің жоқ екені атап өту қажет. Бұл ретте, көлік құралының меншік иесі бастапқы тіркеу немесе Қазақстан Республикасы шеқарасынан шығару жөнінде шешім қабылдаған жағдайларда жоғарыда көрсетілген төлемдерді төлеу бойынша міндеттіме пайда болады.
Сонымен қатар, көлік құралы тіркеуге койған күннен бастап көлік құралы салығының салық салу объектісі болып табылады, себебі салық заңнамасына сәйкес меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады. Бұл ретте ҚР тiркелген және (немесе) есепте тұрған көлiк құралдары салық салу объектiлерiне жатады.
[xfvalue_img]