ШҚО-ға жапондық тұмауға қарсы дәрі-дәрмек негізінде жасалған «Авифавир» дәрілік препараты келді
«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры Шығыс Қазақстан облысына Сovid-19-ға қарсы күреске бағытталған «Авифавир» дәрілік препараттарының 176 қорабын жіберді.
Бұл көмекті қала, аудандардың денсаулық сақтау мекемелеріне қажеттіліктеріне қарай бөлінуінің ашықтығын қадағалау мақсатында ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің және «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері мониторинг жүргізді.
Коронавирусты емдеуге арналған дәріні «Самұрық-Қазына» қоры «Ресей тікелей инвестициялар қорының Басқарушы компаниясы» АҚ-нан сатып алды. "Фавипиравира" базасындағы "Авифавир" – коронавирусқа қарсы әлемде тіркелген екі дәрінің бірі. Препаратты стационарлық медициналық көмек жағдайында ғана қолдануға болады. Препарат Жапонияда жақсы танымал. Ол 2014 жылдан бастап тұмаудың ауыр түрлерін емдеу үшін қолданылады.
[xfvalue_img]
26 пікір