ГҮЛБАНУДЫҢ АҚИҚАТ СӨЗІ - АЩЫ ДӘРІ БОЛДЫ

ГҮЛБАНУДЫҢ АҚИҚАТ СӨЗІ - АЩЫ ДӘРІ БОЛДЫ

       МӘМС (ОСМС) – медициналық сақтандыру БҰЛ ЖОБАНЫ ИДЕАЛ ДЕП АЙТА АЛМАЙМЫН, ӨСІП ӨНІП КЕТЕДІ ДЕП ОЙЛАМАЙМЫН –  МӘМС қорында   жұмыс атқарған  маманның сөзі еді. Айтқан сөзі кешікпей, шындықтар сыртқа шығып, ел көзі ашылуда! Талай-талай сұрақтар шенеуліктерге қойылса да, дұрыс жауап ала алмаған журналистер, шындықты іздеуге кірісіп кетті. Сол журналистің бірі - Гүлбану Әбенова МӘМС қорының қыр – сырын қадағалап, сонымен қатар журналистік зерттеуін жалғастырды. Бастапқы зерттеуін әлеуметтік желілерден қарастырып, МӘМС қорына  халықтан түскен қаражаттың қайда жұмсалып жатқанын анықтай бастады. Көре-көре көзі жеткен Гүлбану, зерттеуінде анықталған ақпараттарды фәйзбук желісіне салып, қоғаммен бөлісуде. Қордан көп үміт күткен азаматтар  фэйзбук желілерінде тарап жатқан ақпаратты оқи, Гүлбануға қолдау көрсете кетті. Оқырмандардың көздері ашылып, күннен күнге сұрақтар тау үстінен қар жауғандай  көбейіп, осы күнге дейін болып жатқан жағдайды қадағалауда.  Фэйзбукке салынған ақпарат МӘМС қорының басшылығына да жетті. Елдің ашуы мен ызасы туып МӘМС қоры туралы  неше түрлі жазбалар әлеуметтік желілілерде тарап жатқанын көрген МӘМС қорының хатшысы Гүлбануды сотқа берді. Одан қоймай қор басшысының әйелі Гульбаршын Заирова әлеуметтік желіде бар байлығын мақтанышпен жазып «Менің ақпатшам ол кезде, арық, ұзын,  қарабайыр мұртты студент жігіт болатын.(ӨЗІМЕ КРАСАВЧИК ӘЙТЕУІР))) қасыма келіп, құлағыма сыбырлап: «Жаным, сен 30ға толғанша, 10 көлік.........(10 көліктің суретін тізіп қойып) әперем, ОТВЕЧАЮ»-дегені........күйеуімнің дәл сол сыбырын естіп, Аумин деген Періштеге алғысым шексіз.....Аллаға мың да бір шүкіршілік, жігітім расында да, 30 жасыма толған туған күніме дейін 12ші көлігімді мінгізген екен ......» бөлісе кеткені Гүлбанудың фэйзбук желісіне келіп түседі. Қарақұрт жеп қой семіреді, Қансоқта жеп ит семіреді, Ал, биліктегілер нені жеп семіреді екен?

Міне, қызықтың басы қайдан басталды !!!

ШЫНДЫҚ ҚАМАЛ БҰЗАР- деп МӘМС қорынының қамалын бұза бастаған Гүлбану Әбеновадан біраз сұрақтарымызға жауап алайық;

 - Көп бастықтардың әйелдері, бар байлықтарын әлеуметтік желілерге салып  мақтаныш көріп жатады. Айта кетсек, әлеуметтік желіні біраз шулатқан Жумагуловттың әйелі сынға қалған. Шенеуліктердің әйелі болсын, басқасы болсын әлеуметтік желіде байлықтарын бөліскені дұрыс деп санайсыз ба?

 - Өздерінің еңбектерімен тауып жатқан қанша бай бизнесмендеріміз бар. Әрине салсын. Менің оған еш қарсылығым жоқ. Алдындағы қор басшысының айлығы 1700 000 тенге болған. Қазір уақытта айлықтары тағы өскен шығар. Бұндай жалақыны қайдан алған. Түсініксіз. Депутаттардан да көп бұлардың жалақысы. Бітіріп жатқан керемет еш нәрсесін көріп жатқанымыз жоқ. Қазіргі уақытта қанша дәрігерлеріміз пандемияның арқасында өздері де ауырып, өмірден кетіп жатқандар да көп. Сол дәрігерлердің айлықтары 300 000 теңгеге жете ме екен? Жанталасып  күні түні жұмыс атқарып жатқан дәрігерлердің айлықтарын көбейту керек .

- Бүндай жалақыны МӘМС қорының басшысына кім тағайындады деп ойлайсыз? МӘМС қорын бақылаушы  Денсаулық сақтау министрлігі қайда қарап отыр екен?

-  Әрине, бақылаушы органдар барғой. Жан жағының барлығы досы немес жерлесі . Бұл мәселені  қарап тексеру керектігін айтқым келіп отыр.

-  Қалай ойлайсыз? Қоғаммен бірлесе отырып осы МӘМС қорының жалақылары мен шығындарын азайту, мамандарын  қысқарту керектігі туралы сұрақ көтеруге болар ма еді?

- Иә, бұл мәселелерді бірлесе отырып көтеру керек. Айлықтары дәрігерлерден де жоғары. Бұл қорға халықтан жиналатын қаржы. Түскен қаржыны сол қордың мамандары жоғары айлық алсын немесе қымбат көлік пен қымбат жиһаздарды пайдалансын деп жинап жатқан қаржы емес қой.  Халыққа қолжетімді медициналық көмек көрсетілу үшін құрылған қор. Соны айтқым келеді. 

      Сұрақтарына жауап іздеген Гүлбану Әбенова МӘМС қорының басшысынан Жумагуловтан барып сұхбат алады. Қолын Гүлбануға шошайтып менін әйелім туралы (Айбатыр Жумагулов) еш нәрсе жазба деп   айта кеткен.

       МӘМС қорының басшысы Айбатыр Жумагуловтың бар байлығын әлеуметтік желіге жария қылған әйелі Гульбаршын Заирова «Хабар» телеарнасының қазақ редакциясының жүргізушісі. «Алыстан жау келмес», «Ақымақ адасқанын білмес» деп бекер айтпаған. Жумагулов отбасының байлығы туралы ақпаратты толығырақ https://liter.kz  сайтынан оқи аласыз.

       Медициналық сақтандыру қоры маусым айында 2020 жылы жедел түрде сонша қатты керек болғаны ма? Пандемия уақытында телефон орнатуға шешім қабылдап, 21 телефон модулімен 125 714 теңгеден алып, 2 640 000 теңгеге шығындалып  қоймай тағы да, 820 дана күнделікті пайдаланатын жәй телефонға 29 660 теңге жұмсалған. Шығының барлығы 27 226 874 теңгені құраған.  Конференцияға арналған 1 телефонды бағасы 265 100 теңгеге  алған. Осыны көрген ел жұрт тағы сөзге басты «Міндетті медициналық сақтандыруды төлеу керек екендігіне біз сенімді болдық, өйткені ол дәрі-дәрмектер мен емделуге кететін шығындарды жабады деп. Ал бұл жерде бәрі қарама-қайшы, адамдар дәрі-дәрмектерді өз ақшаларына сатып алып, емделіп жатыр, МӘМС қорындағы қаражат негізсіз әкімшілік шығындарға жұмсалып жатқанын көріп отырмыз. Бізге мұндай МӘМС қорының қажеті жоқ»- деп әлеуметтік желіде азаматтарымыз шулай жаза бастады.
        Нұр –Сұлтан қаласында МӘМС қорының бас кеңсесінде 229 адам жұмыс атқарып жатқаны көрінеді. Қалған басқа өңірлерде 20 адамнан 50 адамға дейін барады деп, алдында сол МӘМС қорының жұмыскері айтып кеткен. Барлығы штат бойынша 900 жұмыскер. Сонша адамның қажеті не?- деп сұрақ та қойып үлгергенбіз. Ай сайын жалға алынып отырған 7 этажды бас кеңсеге 22 млн. теңге,    автокөлік қойылатын жерге 26 649 280 теңге қаражат бөлініп отырғанын Гүлбану бөлісіп кетті. Одан басқа кеңселердің жиһаздары тағы да басқа көптеген нәрселердің бәрін жалға алып, ай сайын арнайы қаражаттар бөлініп жатқаны белгілі болды. «ҚОР ЖҰМЫСКЕРЛЕРІНІҢ ӨМІРІ ЕРТЕГІДЕЙ» - жазармандырмыз тынышталар емес. ТАҒЫ СҰРАҚ ТУЫНДАП КЕТТІ: ӨСІП ӨНІП КЕТЕДІ ДЕП ОЙЛАМАЙтынын білген қордын маманының айтқаны рас болғаныма? Неге жиһаздар жалға алынып отыр? Әлде күндердің бір күнінде қордың жоқ болып кететінін белгілі болғаннан ба? Бәрін жалға алу пайдалы болып тұрма? Болмаса біреу пайдасын көріп жатыр ма?- деген сұрақтар бәрін мазалап жүрген сияқты.  Жалға алудан бөлек тағы да компьютерлер сатып алынды. Биыл МӘМС қоры пандемия кезінде қаражаттарын тек жаңа жиһаздарға кетіргенін көрсетіп кетті. МӘМС қоры НЕ ҮШІН ҚҰРЫЛДЫ? – деген сөздер әлеуметтік желіде басылмай тұр. Сұрақтар жапалақтап қар жауғандай басталып еді, енді жаңбырша нөсерлеп жауып жатыр. Біреулерге короновирусты анықтайтын тест 15000 теңге уайым, ал МӘМС қорына жаңа компьютер сонша қажет болғаны 802 дана компьютер алынған, біреуінің бағасы- 312 500 теңгеге, барлық сомасы 250 625 000 теңгеге (безНДС) болды. Сонымен қордың жұмыскерлері халықтың қаражатын пайдалана отырып судай жаңа компьютерлерге базарлы болып қалды, бірақ атқарып жатқан жұмыстары баяғыдай. Пандемия деп ел зар жылап, жеуге тамақ таба алмай отырғанда, «қолағашы күшті болса, киіз қазық жерге кірер»- демекші қордағы қаражаттарымыздың қайда? қалай кетіп жатқаны белгісіз?

    Медииниалық сақтандыру қорында күдік көп, жауап жоқ  https://zhasalash.kz сайтында біраз ақпараттарды жайып салған. МӘМС қорын насихаттайтын бейнероликке 33 839 285 теңге жұмсалып мемлекетті тапсырысты тендер арқылы «Qazaqstan PR Agency» ЖШС ұтып алған екен. Мұндай іс шараның шығындары 3 млн. құрайтыны айтылып кеткен. 2019 жылы пиар жасау жұмыстарына 63 млн.теңге кеткен. Ақпараттық және имидждік сүйемелдеу қызметіне 57 миллион тенге, интернет жеткізу қызметіне 52 млн. теңге айналасында жұмсаған, байланысқа 70 млн. ақша кеткен. ҚАНДАЙ ШЫҒЫНДАР?

      Өздерінен еш нәрсе аямайтын Алматыдағы МӘМС қорының филиал жұмыскерлерінің  саны 43 адамнан аспайтын, KOKTEM GRAND қонақ үйінде жайғасып, ай сайын 1 700 000 тенгеге жалға алып отырғаны туралы ақпараттар тарап жатыр. Пандемия кезінде жұмыскерлердің 80%  онлайн арқылы жұмыс атқарап жатқаны туралы да БАҚ өкілдері айтып кеткен. Сонда бірнеше адамға бола осындай көп мөлшердегі қаражатты жалға беріп жатқаны сұрақтарды туғызбай ма?

МӘМС қорының шығындары туралы ақпараттарды мемлекеттік сатып алу порталынан алып отырған. Айғақтарды жинаған Гүлбану Әбенова Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне хат жолдады. Шулаған халықтың әңгімесі жоғарыға жетіп, МӘМС қорының басшысы орнынан кетті!

Карантин кезінде сіз бен біздің жалақымыздан жиналып жатқан ақшамыз жұмсалып жатыр!

Әлі де МӘМС қоры туралы айғақтар табылып, әңгіме ары қарай қызар!
Ақиқат бар жерде жеңіс бар!

 

 Мадина Жатканбаева    

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.