Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кезектерді брондау жүйесін оңтайландыру іс-шараларын ұсынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кезектерді брондау жүйесін оңтайландыру іс-шараларын ұсынды

2020 жылғы 29 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Төлеген Байгұловпен, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитеті, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басшылығымен бірлесіп Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ХҚКО қызметіне мониторинг жүргізді.         

Мониторинг азаматтардың әлеуметтік желілердегі кезекті онлайн брондау салдарынан туындаған қиыншылықтарға және кезек талондарын сатудан ақша тапқан делдалдардың іс-әрекеттеріне шағымдануына орай басталған.

Осындай қиындықтар карантин жағдайында мемлекеттік қызмет көрсетуге тек қана egov.kz сайты және Telegram-бот арқылы алдын ала жазылу жолымен қол жеткізу нәтижесінде туындаған.

Мониторингке қатысушылардың пікірінше, аталмыш мәселе онлайн брондау жүйесінің толық жетілмегендігіне байланысты. Бұл жағдайды жосықсыз пайда көздеушілер пайдаланып, бірнеше кезекті бірден брондау арқылы мемлекеттік қызметке зәру азаматтарға сату үстінде.   

О. Бектеновтің айтуынша, қалыптасқан жағдай «тұрмыстық» жемқорлық алғышарттарының қалыптасуына әкеліп соғып, қоғаммен теріс қабылданады. Осыған орай жауапты органдар қысқа мерзімде мәселені шешу үшін тиісті алгоритм әзірлеуі қажет.    

Мониторинг қорытындылары бойынша Мамандандырылған ХҚКО-да кезекті брондау рәсімін оңтайландыру іс-шаралары ұсынылды.

Осылайша жауапты мемлекеттік құрылымдар басшыларының сенімді растауы бойынша келесі аптадан бастап кезекті брондау кезінде өтінім беруші өз ЖСН көрсетуі тиіс. 

Сондай-ақ, автокөлікті тіркеу үшін Мамандандырылған ХҚКО-ға жүгінген кезде оларды жүйеде белгіленген уақытта бір қызметті алу үшін бекіту мақсатында сатушының немесе көлік иесінің (егер көлік сенімхат бойынша сатылса) және сатып алушының ЖСН көрсету қажет болады. 

Осылайша, делдалдар кезек алу және кейіннен оларды сату мүмкіндігінен айрылады.

Жауапты мемлекеттік органдарға азаматтардың қызметті делдалдар көмегіне жүгінбей және олардың заңсыз көмектеріне ақша төлемей онлайн нысанда алу мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажеттілігі ескертілген.   

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.