ШҚО-да мониторингілеу тобы дәріханалар жұмысын қадағалауда
Бүгін Өскемен қалалық «Nur Otan» партиясының партиялық бақылауы «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісімен бірге қаладағы дәріханаларды аралап, дәрі-дәрмек бағасының тұрақтылығын сақтау мақсатында қоғамдық бақылау жұмысын жалғастыруда. Бүгін Парацетамол, Аспирин және өзге дәрілер Өскемен қаласы мен өзге өңірлер қоймасына жеткізілді. Алдағы 1-2 күнде дәріханаларда қол жетімді болады. Бірақ, дәріханаларда парацетамол мен аспириннен бөлек ыстық түсіретін алмастырушы дәрі-дәрмектертерде бар, олардың қоры жеткілікті. Бағалары тұрақты. Бір дәріханада ғана бетперде бағасы шектік бағадан сәл асқан, мысалы 118 теңгелік бір бетперде, 120 теңгеден сатылған. Жағдайдың барлығы партия мен «Шығыс - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бақылауында.
[xfvalue_img]