Абай мұрасы - мәңгілік салтанат құрады

Абай мұрасы - мәңгілік салтанат құрады

(Ұлы ойшыл, ақын, композитор Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай)

 

Ұлы ойшыл, қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық тойына әлем жұртшылығы, қазақ елі қызу дайындық жұмыстарын бастап кетті.

Абайдың ақындық мұрасы – поэзиясы ғасырлар бойы жас ұрпақтың бірнеше легіне үлгі болып, тәлім-тәрбие беруде. Абай әлемдік деңгейдегі тұлғаға айналды. Біз сүйсінеміз, қуанамыз, мақтанамыз. Бұл Абай өскен топырақтың, сол замандағы қоршаған ортасының, қазақ халқының бай салт-дәстүрінің, мәдениетінің, тілінің, ділінің ақынның бай рухани мұрасы арқылы көрінісі. Ибраһим өмірге көзін ашып келгеннен бастап, әжесі Зере немересін халықтың бай дәстүрі негізінде тәрбиеледі. Немересіне зор болашақ, бақыт тілеп, Абай есімін берді. Жалпы қазақ халқы балаға «Ат таңдау, ат қою» дәстүрін басшылыққа ала отырып, бала тәрбиесіне зор мән берген. Ұрпағымның есімі «Ел аузында болып, құрметтелсін», - деп ырымдап ат қойған. Абай сөзі сезімтал, сергек, ойлы деген мағыналарды білдіреді. Абайдың шын аты - Ибраһим. Абай заманында жастар «халыққа қалаулы, елге елеулі болу үшін» дала ақындары мен сыншыларының сынақтарынан өткен. Мысалы, Абай да дала ақыны Жанғұттының сынақтарынан өтіп, ақынның: «Сен енді елдің баласысың, жолың болсын!» - деген батасын алған. Абай он жасынан бастап, өлең шығара бастаған. Әкесі Құнанбай сұлтан баласы Абайды Семейдегі атақты Ахмет Риза медресесінде оқытып, кейіннен орыстың «Приходская школасында» оқытқан. Абайдан өзге балалары мен немерелерін әскери оқуларға беріп, жан-жақты білім алуына жағдай жасаған.

Абай өз білімін Гоголь атындағы кітапханаға барып, қыстауға арнайы кітаптар алдырып жүйелі, мақсатты түрде дамытып отырған. Мысалы, Евразия университетінің магистрі Біржан Ахмер Сібір саяси тұтқындарының өмірін зерттеген американ жазушысы, саяхатшысы Джордж Кеннан туралы былай жазады:  1885-1886 жылдары тамыз айында суретші Форестпен бірге Сібірге саяхат жасаған, саяси тұтқындардың өмірлерін зерттеген. Ф.Достовский Омбыда, Семейде бес жылдан артық (1854-1859) болып, «Записки из мертвого дома», «Дядюшкин сон», «Село Степанчиново и его обитатели» еңбектерін жазған. Жазушы Джордж Кеннан генерал Цеклинскийден рұқсат алып, саяси тұтқындармен сұхбаттасуға мүмкіндігі болған.

Семей кітапханасында Абай Бокльді, Мильді оқыған. Жазушы Кеннан: Мен бір қырғызды көрдім. Менімен кездескенде ол Платон мен Аристотельдің философиялық әдістері арасындағы айырмашылықты түсіндіруді сұрады. Аты аталған философтардың шығармаларын зерттеп жүр екен. Мен оны тексеру үшін екі кеш бойы Дрэппердің «Европаның ақыл-ойының даму тарихы» кітабы бойынша әңгімелестім. Оның оқығандарына, түсінгендеріне көзім жетті. Леонтьевтің бір қырғыз деп отырғаны Абай еді. Абай оқыған кітаптар: Г.Спенсер «Социологиялық зерттеулер кітабы», Г.Бокль «Англиядағы өркениет тарихы», «Әйел және оның еркекке әсері», (Ақиқат журналы,  №11.2019 ж.). Түйін. Абайдың әр ғылым саласынан білімі болғаны. Сондықтан да Абай ғаламдық тұлға, адамзаттың ойшылы, ұлы композитор әрі ұлы ақын екені сөзсіз.

Құнанбай сұлтан баласы Абай отызға келсе де, қамқорлығын аямады. Құнанбайдың есте сақтау қабілеті өте жоғары болған. Дала, шариғат заңдарын тамаша білген. Қазақтарға арналған Ресей империясының барлық заңдарын, құқықтық жарғыларын терең меңгерген адам. Еш параға сатылмаған үлгілі, адал  мұсылман болған. Құнанбайдың әділ шешімдеріне ру басы ақсақалдары бастарын изеп, қуаттап отырған («Дневники и письма из путешествия по казахским степям». Издательство «Казахстан» 1976 г. 60-61 стр.). Әсіресе, «Қара найза» деген жазадан құқық бұзушылар өте қатты қорыққан және сыйлап қадірлеген. Қарамола деген жерде қазақтардың құрылтайы өтіп, Абай үш күн бойы құқық жинақтарын жазумен айналысты. Әрине, әкесі Құнанбай көп көмектесті, ақыл-кеңесін берді. Тарихта «Қарамола» ережесі (Кодекс Абая) заңдар жинағы өмірге келді. Абай енгізген бірден бір жаңалық: бұрын жасаған барымташылық әрекеті үшін жауапқа тек барымташылар тартылса, ендігі жаңа заң нормалары бойынша соларды ұстаған, жұмсаған байлар да жауапқа тартылуға тиісті болды. Сондықтан қазақ даласында барымта дауы бірден тыйылмаса да, едәуір азайған деп көрсетеді өткен тарихи деректер. Бұл ұлы Абайдың енгізген бірден бір көреген шешімі еді. Араб шрифтімен жазылған Абайдың еңбегі Омбының облыстық архивінде сақтаулы. Бұл құқықтық заңдар жинағы қазақ халқының заң саласындағы құнды тарихи қайнар көз еді.  

Абай композитор. Сазгер Абай ұрпақ тәрбиесінде қазақтың әншілік, жыршылық, домбырада күй шерту өнері маңыздылығын жоғары бағалаған. Әсіресе, бесік жыры, домбыра күйлерінің баланың, тыңдаушының жүректерін жылытып, өмірге деген құштарлықты арттыратынын байқаған.

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй, - деп жырлаған Абай өлең құдіреті туралы өлеңінде.

Медицина және Абай. Абай адамның көзге көрінбейтін жанын емдесе, медицина адамның тәнін емдейді. Абай «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» сөздерімен жан жарасын емдейді. «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол» деп, «толық адам» болуын нұсқайды. Тазалық, гигиена, қанағатшылдық жөнінде он сегізінші, жиырма жетінші, қырық үшінші сөздерінмен халықты ойландырады және ақиқат жолын нұсқайды.

Абай – адамзаттың ақылманы. «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп, Және Хақ жолы осы деп әділетті», -дейді. Адамгершілікті, моральдық философияның барлық жолдарын жоғары қойған. Абайдың мұрасы ұлтаралық татулыққа бастайтын адамгершілік принципке негізделген. Артына өлмейтұғын сөз  қалдырған Абай - өлең, жырдың дархан дариясы.

Абай мұрасы, ілімі - мәңгілік.

 

 Нуржан Мелдебаев 

Нұр-Сұлтан қаласы

Алматы ауданының

№2 аудандық сотының судьясы                             

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.