«ҚазМұнайГаз» топ-менеджерлердің жалақысын қысқартып, сыйақыдан бас тартты

«ҚазМұнайГаз» топ-менеджерлердің жалақысын қысқартып, сыйақыдан бас тартты

 

2020 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ, Компания) адами ресурстарды басқару жөніндегі басқарушы директоры Дәулетжан Хасановтың дағдарысқа қарсы стратегияны іске асыру аясындағы кадрлық саясат мәселелері бойынша брифингі өтті.

Спикер сөзінің басында бірінші тоқсанның нәтижесі бойынша компанияның табысы өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3 есеге қысқарып, ал кейбір еншілес кәсіпорындардың шығынға тап болғанын хабарлады. Осыған байланысты, қаржылық жағдайды тұрақтандыру және нарықтық жағдайдың теріс әсерін төмендету үшін «ҚазМұнайГазда» дағдарысқа қарсы стратегия жасақталуда. Бұл стратегия компанияға шығындарды азайтуға және дағдарыстан кейінгі кезеңде тиімді әрекет етуіне мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, Компания бизнес-үдерістерді оңтайландыруды жүргізуде және дағдарыс кезінде өзектілігін жоғалтатын көптеген жобалар мен іс-шараларды іске асыру жөніндегі жоспарларын қайта қарастыруда.

Дәулетжан Хасановтың айтуы бойынша, шығындарды оңтайландыру бірінші кезекте басшылықтың жалақысынан басталды. Компанияда 12 мамырда лауазымдық жалақылардың жаңа жүйесі бекітілді. Ол басқарма төрағасы мен орынбасарлардың жалақысын 30%-ға қысқартуды көздейді. Сонымен қатар басқарушылық лауазымдарды қысқарту және қызметкерлерді төменгі лауазымдарға тағайындаумен байланысты орта буын басшыларының жалақысы 20%-ға дейін төмендейді. Қатардағы қызметкерлердің жалақысы бұрынғы деңгейде сақталады.

Нәтижесінде, 2020 жылы сыйақы мен бонустардан бас тартуды ескергенде, ҚМГ орталық аппаратының басқарушы қызметкерлерінің кірісі 50%-дан астамға азаяды.

Бұған дейін хабарланғандай, дағдарысқа қарсы стратегияны іске асыру аясында ҚМГ орталық аппаратындағы қызметкерлер санын 34%-ға, 729-дан 480 адамға дейін оңтайландырады.

Дәулетжан Хасановтың  айтуы  бойынша, босатылатын  қызметкерлердің 90%-ы

«ҚазМұнайГаз»  жүйесінен  кетеді.  Еңбек  нарығындағы  жағдайды  ескере  отырып,

«Самұрық-Қазына» қорының тапсырмасы бойынша қызметкерлерді әлеуметтік- жауапты босату бағдарламасы әзірленді. Ол компенсациялық төлем жиынтығын және аутплейсмент бағдарламасын қамтиды.

 

 

Компенсациялық төлем жиынтығы:

  • 3 айлық жалақы мөлшеріндегі біржолғы төлемді;
  • табысынан айырылған өтемақы ретінде 6 ай бойы қаржылық қолдауды;
  • 2021 жылғы ақпан айына дейін компания есебінен медициналық сақтандыру қызметтерін пайдалану құқығын қамтиды.

Өз кезегінде «ҚазМұнайГаз» аутплейсмент бағдарламасы осы саладағы консультанттардың қатысуымен бірқатар шараны қарастырады. Консультанттар қызметкерлерге өздерінің мықты тұстарын, еңбек нарығындағы қазіргі сұранысты талдауға және жеке даму жоспарларын жасауға көмектеседі. Олар қызметкерлерге сұхбат кезінде өзін қалай ұстау керектігін, түйіндемені дұрыс толтыруды және т.б. үйретеді. Сондай-ақ, қызметкерлердің барлығы топтық оқудан өтеді. Осының барлығы олардың болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттырады.

«Бұл әлемге таралған тәжірибе болғанымен, «ҚазМұнайГаз» - өзінің бұрынғы қызметкерлерін қолдау үшін осындай бағдарламаны енгізген алғашқы қазақстандық компания деуге болады. Қызметкерлерді оңтайландыру әрқашан ауыр және жағымсыз процесс екенін жақсы түсінеміз. Мұндай жағдайда кейбір адамдар әрмен қарай не істеу керектігін, қайда баратынын білмей, сасқалақтап қалуы мүмкін. Біздің міндетіміз - оларға көмектесу», – деді Дәулетжан Хасанов.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.