АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА БІРЫҢҒАЙ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНЛАЙН-АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 18 мамырында оқушылар арасында парасаттылық идеологиясын ілгерілету мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналған «Адалдық сағаты» тоқсан сайынғы республикалық акциясын өткізді.
Айта кету керек, төтенше жағдай жарияланғанға дейін бұл акция лекторлардың білім беру мекемелерінің оқушыларымен тікелей кездесуі арқылы өткізілген болатын. Алайда, қазіргі таңда «Адалдық сағаты» онлайн форматында өтті.
«Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» - қазақ ақыны мен ағартушысының шығармашылығына арналған тақырыптағы республикалық «EL ARNA» және «Balapan» телеарналары, сондай-ақ Агенттіктің Youtube-арнасы мен оның аумақтық департаменттерінің, «Adaldyq alańy» жобалық кеңселерінің әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы көрсетілімдер ұйымдастырылды. Ақмола облысында «Көкше» облыстық телеарнасында да екі тілде онлайн-лекцияның көрсетілімі өтті.
Президент Қ.Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Абайды білу – өзіңді тану. Өзін-өзі тану және адамның тұрақты дамуы, ғылым мен білімнің басымдығы – жетілудің көрінісі. Бүгінде Абайдың сөзі жас ұрпақтың бағдары болуы тиіс», – деп атап өтті.
Аталған акция аясында республика бойынша жоғарғы оқу орындары және колледждердің 1-курс студенттері мен 9-11 сынып оқушылары қамтылды. Ақмола өңірінде акцияға 556 мектеп, 4 ЖОО және 34 колледж қатысты.
Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қоғамда парасаттылық қағидаттарын насихаттауды, оның ішінде «Адалдық сағаты» акциясы шеңберінде дәріс өткізу жолымен тұрақты негізде жүзеге асырады.
[xfvalue_img]
20 пікір