Қазақстандықтар халыққа қызмет көрсету орталықтарына кезек уақытын алдын ала брондап бара бастады

Қазақстандықтар халыққа қызмет көрсету орталықтарына кезек уақытын алдын ала брондап бара бастады

Кеше Қарағанды, Ақтау және Орал қалаларындағы бірнеше халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын қайта жандандырып, жаңа форматта қызмет көрсете бастады.

Алғашқы жұмыс күні осы ХҚО-ларда 2038 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Олардың 70%-дан астамы алдын ала брондау арқылы қамтамасыз етілген. Қалғандары сол жерде бронь жасаған немесе операторлардың босауын күткен.   

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коронавирус пандемиясы қауіпінің сақталуына байланысты мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жаңа форматын ұсынды, оған сәйкес азаматтар ХҚО-дан тек «қағаз жүзіндегі» қызметтер мен онлайн түрде рәсімделген қызметтердің нәтижелерін ала алады.

Бұл ретте қызметтерді тек алдын ала жасалған брондау арқылы алуға болады. Халыққа қызмет көрсету орталығына кезек уақытын egov.kz порталы  немесе 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы белгілеуге болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, кезекке тапсырыс беру – ең алдымен қызмет алушы үшін өте ыңғайлы. Ол ХҚО-ға бірден қызмет алу үшін немесе құжатын алып кету үшін ғана барады.  «Бірінші күні біз кезекке тапсырыс бермеген клиенттердің өзінен жағымды пікір естідік. Олар қызметтерді тез алуға болатындығын көріп, келесі жолы тек брондау арқылы келуге уәде берді», – деп толықтырды Балташева.

Ол, сондай-ақ кезекке тапсырыс берген клиенттердің қатаң түрде  белгіленген уақыт аралығында келу керектігін айтты, себебі бронь уақыты өтіп кетсе, қайта брондау рәсімін жасау керек. Сонымен қатар бронь барысында тіркелген ЖСН иесі ғана электронды кезекті пайдалана алады.

Естеріңізге сала кетейік, 4 мамырдан бастап төтенше жағдай тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі штабтардың шешімімен бірқатар аймақта халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды.

Атап айтқанда, Қарағанды, Ақтау және Орал қалаларында жеке тұлғаларға қызмет көрсету үшін алдын ала брондау арқылы ХҚО-лар ашылды, ал Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында ХҚО-лар  шағын және орта бизнеске қызмет көрсету үшін ашылды.

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.