Ақындар төтенше жағдайда онлайн режимде айтысты
2020 жылы 1 мамырда Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанындағы Ақпараттық-ағарту штабының ұйымдастыруымен өткен бірінші ANTIKOR айтыстың қорытындысы шықты. Шараға еліміздің әр өңірінен 16 жас ақын қатысты.
Жыр аламаны үш аптадан аса онлайн режимде өтті. Сөз сайысының жеңімпаздарын көрермендер анықтады.
Қазылар алқасының төрағасы М.Жолдасбеков өзінің құттықтау сөзінде: «Мен өмірімде түрме түзеткен адамды естіген емеспін, бірақ адамды сөз бен тәрбие, өсиет түзейді», - деп атап өтті.
Екінші және үшінші орынға сайыста ақтөбелік Нартай Тілеуқұл мен Нұрбол Жауынбаев кездесті. Көрермендердің дауысы беру нәтижелері бойынша екінші орынға және 300 000 теңге ақшалай сыйлыққа Нұрбол Жауынбаев ие болды. Үшінші орын 200 000 теңге ұтып алған Нартай Тілеуқұлға берілді.
Бас жүлде үшін елордалық Бек Шымат пен шымкенттік Бекжан Базарбек тартысқа түсті. Көрермендердің шешімімен елордалық Бек Шымат жеңіске жетіп, Алтын-Орда дизайн үйінің «Тәңірі» эксклюзивті этно-инсталяциясын алды. Б.Шыматқа бас жүлдені Қазылар алқасының төрағасы М.Жолдасбеков табыстады. Бекжан Базарбек бірінші орынға 400 000 теңге ақшалай сыйлық алды.
Сонымен қоса, Қазылар алқасының төрағасы әр қатысушыға өзінің сегіз томдық шығармалар жинағын тарту етті. «Алтын орда» дизайн үйі де қатысушыларға кәдесыйлар, #BIZBIRGEMIZ логотипі үлгісіндегі эксклюзивті авторлық жастықтарын табыстады.
Сілтемелер:
https://www.youtube.com/watch?v=PLmCNfHf7r4&feature=youtu.be
https://www.youtube.com/watch?v=4RnJ448bv3k&feature=youtu.be
https://www.youtube.com/watch?v=hlrPRkj9N_I&feature=youtu.be
[xfvalue_img]