Қазақстан мен Сербия ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Қазақстан мен Сербия арасындағы ғылыми-академиялық, сондай-ақ цифрландыру бағыттары бойынша ынтымақтастықты ілгерілету мәселелерін талқылау мақсатында, Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Ғабит Сыздықбеков Сербия Республикасының Білім, ғылым және технологиялық даму министрі Младен Сарцевичпен кездесті.
Кездесу барысында білім және ғылым, цифрландыру салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыру жолдары талқыланды.
Атап айтқанда, тараптар екі ел министрліктері арасында ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қою, жоғары оқу орындарының байланыстарын нығайту бойынша нақты уағдаластықтарға қол жеткізді.
М.Сарцевич Қазақстан Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовке ыңғайлы уақытта Сербияға сапармен келіп, қызығушылық танытатын бағыттарда пікір алмасуға шақырып, тиісті хатты дипломатиялық арналар арқылы жақын арада жолдайтынын жеткізді.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
20 пікір