Ауған ардагерлерімен кездесулер

Ауған ардагерлерімен кездесулер

Елордалық балалар мен жасөспірімдердің «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы филиалының тәлімгерлері, Қорғаныс істері жөніндегі департаменті және Білім басқармасы бірлесіп ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен қаламыздың бірнеше мектептерінде оқушылармен «Ерлік сабақтарын» өткізді.

 

31 жыл бұрын, 1989 жылдың 15 ақпанында кеңес әскерлерін Ауғаныстаннан шығару толығымен аяқталды.

Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті көмегімен Ауғаныстандағы үкімет әскерлері мен бір жағынан, екінші жағынан сол кездегі НАТО блогының жетекші елдерінің қолдауымен моджахедтердің әскери құралымдары арасындағы әскери қақтығыс 1979-1989 жылдар арасында он жылға созылған болатын. 

Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің бұл елге келуі Ауғанстан үкіметінің бірнеше рет көмек сұрауы бойынша, ал түп негізі бұл әрекет шет елдердің бұл мемлекеттің ішкі істеріне әскери араласуының алдын алу үшін қажет болды. Себебі ол Кеңес Одағымен шекаралас болатын. Осы 10 жылдың ішінде біздің жерлестеріміз интернационалдық көмек көрмету бойынша Отан тапсырмасын абыроймен орындап шықты.   

Дегенмен шығын да болды. Есеп бойынша 40-ша армия 1979-1989 жылдар кезеңінде 15 031-ден 26 000-ге дейін шамада жауынгерлерінен айрылған.

Тек Қазақстанның өзінен осы шектеулі әскери контингент құрамында 21 239 адам қызмет атқарса, оның – 947-сі қаза тапқан, 1 770 адам жарақаттанған. Бұл күндері елімізде шамамен 16 800 ауған ардагері бар екен.

Біздің жерлестеріміз талай ерлік пен батырлықтын үлгісін көрсеткен. Ресми есепке сүйенсек: 6 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанса,
1 адам Халық Қаһарманы болған, 4 377 азаматымыз ордендер және медалдармен марапатталыпты.

«Ерлік сабақтарында» оқушылар алдында ауған ардагерлері өткен әскери қызметтеріндегі дұшпандармен болған ұрыстарды, жауынгерлік достық пен өзара көмек, жолдастарының жанқиярлық батылдықтары туралы естеліктерін айтты.

 Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Ерболат Жүсіпов жас ұрпақ атынан ауған ардагерлеріне алғыс айтты:

«Отан бұйрық берді – сіздер орындадыңыздар! Бұл әскердің бұлжытпас заңы! Еліміз тыныштық пен бейбітшілікте еңбек етіп жатқанда сіздер өз жас өмірлеріңізді қауіп пен қатерге тігіп, Отанымыздың шалғайдағы шебін ұзақ та қиындықтарға толы он жыл қорғап тұрдыңыздар! Ауған ардагерлері – «сексенінші жылдардың» сардарлары мен сарбаздары! Талай боздақ жауынгер достарыңыздан айрылсаңыздар да сіздер халық пен Отанға берген Әскери антқа соңына дейін адал болып, нағыз жауынгерлік ерлік көрсеттіңіздер! Жас ұрпақтың алдында – Сіздер антқа адал болудың, патриотизмнің өнегісі болып қала бересіздер!»

 

 Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.