«Тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй қатынастары  саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы»

«Тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы»

 

Агенттікпен тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді.

Бұл мәселелердің бірнеше ұйымға қатысы барын ескере отырып, біз Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінен бастап, оған бағынысты «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» РМК, «Бәйтерек Девелопмент» АҚ, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың уәкілетті бөлімшелеріне тікелей шыға отырып, талдау жүргіздік.

Әрбір талдау объектісі бойынша негізгі проблемалық мәселелерге тоқталсақ.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінде сыбайлас жемқорлық тәуекелінің жоғары бағыттарының бірі – мемлекеттік қызмет көрсету саласы.

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Комитет 3 мемлекеттік қызметті ақысыз негізде көрсетеді. Олар инженерлік-техникалық жұмысшыларды аттестаттау үшін үкіметтік емес сертификаттау орталықтарын аккредиттеумен, құрылыс нысандарын кешенді ведомстводан тыс сараптамадан өткізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеумен, сондай-ақ жауапкершіліктің бірінші және екінші деңгейіндегі объектілерді техникалық қадағалау мен техникалық тексеруден өткізумен байланысты.

Олардың екеуі стандартқа сәйкес автоматтандырылған (электрондық нысан). Алайда, бұған қарамастан, барлық үш қызмет қағаз түрінде көрсетіледі, бұл бұзушылықтардың орын алуын айқын куәландырады.

Осы мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыруда, Комитет жанынан құрылған аккредиттеу комиссиясының қызметінде  немқұрайлылықтың байқалатыны атап өтілді.

Мәселен, талдау барысында объектілердің құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі комиссиясы төрағасының іс жүзінде болмағаны жағдайында, аккредиттеу туралы куәлік беруден бас тарту туралы шешім қабылданғандығы анықталды.

Соның салдарынан сыбайлас жемқорлыққа қолайлы жағдайлар жасалады, мысалға, комиссияны жинамай-ақ хаттамаларға қол қою арқылы жеделдетілген мерзімде аккредиттеу туралы куәліктер беру түрінде.

Бұл, бұған дейін қылмыстық әрекетінің жолы кесілген, Комитеттің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бұрынғы басшысы Қарқынбаевқа қатысты қылмыстық іспен нақты расталады.

Соңғысы аккредиттеудің оң нәтижесі үшін компаниядан 250 мың теңге көлемінде пара алған және осы ісі үшін а.ж. мамыр айында сотталған.

Аккредиттеу комиссиясының қызметінде ашықтық пен айқындылықтың болмауы жағдайды ушықтыруда.

Комиссияның жұмысына өзге мемлекеттік органдар, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуы көзделмеген, аккредиттеу комиссиясының жұмысы туралы ақпарат Комитеттің ресми интернет-ресурсында орналастырылмайды.

Талдау барысында сондай-ақ мемлекеттік қызмет белгілері бар, яғни «жасырын мемлекеттік қызмет», аккредиттелген ұйымдар мен аккредиттелген сарапшылардың тізіліміне есепке қою бойынша функциясы анықталды.

Аккредиттеу туралы куәлікті алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушылар үшін келесі міндетті рәсім, ол аккредиттелген ұйымдар мен аккредиттелген сарапшылардың тізіліміне есепке қою үшін құжаттарды жинау және уәкілетті органға жолдау болып табылады.

Алайда, осы рәсімді жүзеге асыру тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық акт қарастырылмаған, бұл кәсіпкерлік субъектісімен сөз байласу нәтижесінде өтінішті орындау мерзімінің созылуына не оны жеделдетуге әкеп соғады, бұл сөзсіз сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қалыптастыру үшін жағдайлардың бар екенін куәландырады.

Талдау барысында анықталған тағы бір мәселе сарапшылар мен сарапшы ұйымдардың үлестес болуы.

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес сарапшыға, осы сарапшы дайындауға тікелей немесе жанама қатысқан, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің өзге де субъектілерімен еңбек, қаржылық және (немесе) өзге де тәуелді қатынастарда болатын жобалар бойынша сараптама жүргізуге тыйым салынады.

Бұл ретте, осы талаптар сақталмаған жағдайлар жиі кездеседі.

Мысалға, Шымкентте сарапшы ұйымдардың бірінің сарапшысы өзі еңбек қызметін жүзеге асырған компанияның жобалары бойынша 20-дан астам қорытынды берген.

Осылайша, мүдделер қақтығысы туындайды, яғни жобалық құжаттаманы қалыптастыратын сарапшы бұдан әрі осы жобаны сараптауға өзі қатысады.

Бұл жағдай құрылыс бюджетін арттыруға, сапасыз құрылыс материалдарын қолдануға, ҚНмЕ мен техникалық регламенттерді бұзуға жағдай жасайды.

Сонымен қатар, Комитет тарапынан тиісті бақылаудың болмауы осындай фактілерді анықтаған кезде лауазымды тұлғалардың сарапшылармен сыбайластық келісу жолымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал етеді.

Қалыптасқан жағдайдың негізгі себептерінің бірі Комитетте сарапшылардың үлестес болу фактілеріне жол бермеу бойынша, жауапты тұлғалардың іс-қимыл тәртібін реттейтін ішкі регламенттің (актінің) болмауы болып табылады.

Бұдан басқа, сарапшылар үшін шектеулердің сақталуын бақылау, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілеу жөніндегі нормалар уәкілетті органның құзыретінде заңнамалық түрде қарастырылмаған.

Комитеттің бақылау функцияларын іске асыруы кезіндегі жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.

Бақылау функцияларын іске асыруды Комитеттің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы жергілікті атқарушы органдарды тексеру түрінде жүзеге асырады. 2019 жылдың 9 айында 38 тексеру жүргізілген, оның ішінде профилактикалық бақылау – 13, жоспардан тыс – 25.

Талдау барысында Комитетте тексеру іс-әрекеттерін жүзеге асыру, әкімшілік іс жүргізу және нұсқамаларды ресімдеу бойынша ішкі актілердің, әдістемелік ұсынымдардың және әдістемелердің болмауы байқалды.

Мәселен, әкімдіктердің МСҚБ-на қатысты профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде тексеру парағында жазылған талаптарды тексеру кезінде іріктеу (таңдау) тәсіл қолданылады (тексеру парағында жазылған талаптардың тек нақты бөлігі ғана тексеріледі).

Мысалға, «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» КММ тексеру барысында тексеру парағының 79 талаптарының 9-ы ғана тексерілген.

Бұл жағдай сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің пайда болуы үшін әлеуетті жағдайлар мен алғышарттар жасайды.

Сондай-ақ, талдау барысында жүргізілген тексерулердің мерзімін және нұсқамалардың орындалу мерзімін ұзарту фактілері анықталды, ал мұндай жағдайлар сыбайлас жемқорлық құрамдастары болуы мүмкін.

Атап айтқанда, бұл облыстық МСҚБ басқармалары тарапынан орын алған.

Мұндай фактілердің орын алуы тексеру іс-әрекеттері рәсімдерінде бірыңғай құқық қолдану тәжірибесін жүзеге асыру мақсатындағы әдіснамалық қолдауды талап етеді.

Дәстүрлі түрде мемлекеттік сатып алу саласы да жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелінің санатына жатқызылды.

Комитеттегі барлық сатып алулардың жартысынан астамы бір көзден алу тәсілімен өткізіледі. Бұл ретте, егер 2018 жылы бір көзден сатып алу үлесі 60 % құраса, 2019 жылы ол 71 % құрайды, бұл айқын түрде теріс пікір ретінде бағаланады.

«Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» РМК қызметіне қатысты.

Мұнда негізгі мәселе жобаларды сараптаудың түрлі кезеңдерін реттейтін ішкі актілердегі құқықтық олқылықтар болып табылады.

Әлеуетті тәуекелдер іс жүзінде сараптаманың барлық сатыларында туындайды: құжаттаманы қабылдау және шарт жасасу кезінде; оны тікелей жүргізу; сондай-ақ нәтижені беру кезінде.

Мәселен, құжаттаманы қабылдау сатысында сараптама құнының есебін жасаудың уақыт кезеңі регламенттелмеген, бұл жауапты тұлғалардың дискрециялық өкілеттіктерін ақтаусыз кеңейтеді.

Сараптама жүргізу кезеңінде сарапшылар мен жобаның тапсырыс берушілер арасындағы дәлелді ескертулер мен мәселелерді жолдау және өңдеу рәсімдері егжей-тегжейлі реттелмеген.

Іс жүзінде сарапшылардың сұрау салулары тапсырыс берушіге көбінесе жұмыстан тыс уақытта, демалыс күндерін қоса алғанда жолданады.

Сонымен қатар, тапсырыс берушімен жұмыс істеу және жұмыстан тыс уақытта, сондай-ақ демалыс күндері ескертулер беру тиісті жобаларды дайындау үшін уақыттың шектелуіне байланысты құқыққа қарсы әрекеттер үшін жағдай жасайды.

Бұдан басқа, көрсетілетін қызметті алушылармен тікелей байланыс жеке кездесулер мен телефонмен келіссөздер арқылы жүзеге асырылады, бұл тиісті нормативтік актілер мен ішкі регламенттерде реттелмеген және сыбайлас жемқорлықтың айқын факторы ретінде бағаланады.

Қолданыстағы нормативтік актілер мен регламенттерде сараптама қорытындысын мерзімінен бұрын беру мүмкіндігі және заңнамада көзделген сараптама сатыларын қысқарту туралы норманың болмауы сыбайлас жемқорлық тәуекелі болып табылады.

Нәтижесінде сараптама мерзімдерін қысқарту құқықтық алаң аясында емес, кәсіпорын басшылығының қалауы бойынша жүргізілуі мүмкін, бұл да сыбайлас жемқорлықтың айқын факторы болып табылады.

Талдау кезінде коммерциялық құпияға жатқызылған және оның шегінен тыс таратуға немесе пайдалануға жатпайтын сараптаманың өндірістік процестерін реттейтін РМК ішкі құжаттарының жабықтығы байқалды.

Сәйкесінше, көрсетілетін қызметті алушылардың (тапсырыс берушілердің) РМК регламенттелген рәсімдері және тиісінше өз құқықтары жайлы ақпараттандырылмаған, бұл құқыққа қарсы іс-әрекеттерді жасау үшін жағдайлар мен себептер туындатады.

Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің пайда болуына РМК-да сараптаманың өндірістік процестерінің сақталуына ішкі мониторинг және бақылау тетіктерінің болмауы да ықпал етеді.

Осыған ұқсас, уәкілетті мемлекеттік орган – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті тарапынан да тиісті мониторинг пен бақылау жүзеге асырылмайды.

Тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын іске асыру операторларының бірі болып табылатын «Бәйтерек девелопмент» АҚ қызметінде қаржыландыру саласы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім.

Атап айтқанда, тұрғын үй жобаларын іске асыру үшін екінші деңгейдегі банктерде шартты депозиттерді орналастыру рәсімінде Қоғамның дискрециялық өкілеттіктері байқалады.

Шартты қаржыландыру құрылыс салушыларға тиімді шарттарда одан әрі банктік қарыз беру үшін Қоғамның шартты салымды Екінші деңгейдегі банктерге орналастыруын білдіреді.

Осы рәсім бір қатар кемшіліктер туындатады. Атап айтқанда, банктермен ұсынылатын құжаттарды құқықтық сараптамадан өткізу тәртібі реттелмеген, олардың тізімі техникалық сараптама жүргізу үшін қажетті құжаттамаларға сәйкес келмейді. Бұдан бөлек, қосымша құжаттар талап ету мүмкіндігі көзделген. Осы себептер жобаларды таңдау барысында дискрециялық өкілеттіктерді туындатады.

Қоғамның тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру жөніндегі комиссия туралы ереже комиссия мүшелеріне қойылатын талаптарды, мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі нормаларды (комиссия мүшелерінің туындаған мүдделер қақтығысы туралы хабардар ету, оны реттеу жөнінде шаралар қабылдау, шаралардың өздері және т. б.) көздемейді.

Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жалға алушылардың сатып алу құқығымен тұрғын үйді жалдау шарттарын орындауын Қоғаммен мониторингілеу кезінде байқалады.

Атап айтқанда, Қоғам анықталған бұзушылықтарды жоюдан бас тартқан немесе жалтарған, тұрғын үй-жайларды тексеруге қайта кедергі келтірген, үй-жайларды қосалқы жалға берген жағдайларда тұрғын үй-жайларды жалдау шартын бұзуға бастамашылық жасауға құқылы.

Бұл ретте, осындай шешімді қабылдау өлшемдері айқындалмаған. Осылайша, Қоғам өз қалауы бойынша жалдау шартын бұзуға бастамашылық ете алады немесе ұсыныстар/ескерту және т.б. енгізумен шектей алады.

Сонымен бірге, жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй қатынастары мәселелері жөніндегі қызметі сыртқы талдаумен қамтылды.

Халықты толғандыратын проблемалық сәттердің қатарында тұрғын үй беру бойынша кезекте тұрғандар тізімін қалыптастыруға байланысты мәселелердің жеткіліксіз реттелуі болып табылады.

Кезекке қоюға өтініштерді қабылдау электрондық түрде «Е-gov» порталы арқылы немесе ХҚКО арқылы берілетініне қарамастан, әкімдіктер өздері кезекті Excel немесе Word кестелері нысанында қолмен жүргізіледі.

Мұндай жағдай кезекті манипуляциялау мүмкіндіктері, нақты тұлғаларға артықшылықтар көрсету және өзге де сыбайлас жемқорлық тәуекелдері үшін сөзсіз жағдай жасайды.

Сонымен қатар, бұл жағдай бір адамға бірнеше өтініш жасауға мүмкіндік береді, яғни, бір адам бірнеше рет кезекке тұра алады, бұл күткен адамдардың санын жасанды түрде арттырады.

Өздеріңіз білесіздер, әкімдіктер коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алуға немесе жеке тұрғын үй қорына жалға берудің бірнеше жеке тізімін жүргізеді.

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектер;

2) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

3) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар;

4) халықтың әлеуметтік осал топтары;

5) мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдар қызметкерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар;

6) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен апаттық жағдайда деп танылған азаматтар.

Бір кезектен екіншісіне ауыстыру рәсімі заңнамалық түрде реттелмеген, бұл әртүрлі тәжірибені туындатады және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жағдай жасайды.

Сондай-ақ, кезектен алынған азаматтарды хабардар ету, кезектілікті қалпына келтіру рәсімдері регламенттелмеген.

Соңғы рәсім жасырын мемлекеттік қызметтің барлық белгілеріне ие және Мемлекеттік қызметтер тізілімінде нормативтік бекітуді талап етеді.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның талаптарына сәйкес жергілікті атқарушы органдар мерзімді баспасөз басылымдарында тұрғын үйге мұқтаж, тұрғын үй алған адамдардың тізімін, олардың кезектілігін көрсете отырып, бөлек есепке алу тізімдерін жариялауға міндетті.

Алайда, талдау жүргізу кезінде бұл талаптарды барлығы орындамағандығы анықталды.

Мысалға, Орал әкімдігі жоғарыда аталған тізімдерді баспа басылымдарында жарияламаған, ал Петропавл әкімдігі жариялаған тізімде кезекке қойылған күнін көрсетпеген.

Ұқсас жағдай барлық жерде орын алған.

Тағы бір мәселе – тұрғын үйді бөлу кезінде ашықтықтың болмауы.

Пәтерлерді бөлуді әкімдіктердің тұрғын үй комиссиялары жүргізеді. Алайда, олардың құрамында іс жүзінде қоғамдастықтың өкілдері жоқ. Олардың мүшелілігінде кемінде 3 кәсіподақтар өкілдері болуы туралы міндетті емес норма әдетте сақталмайды. Құрылатын тұрғын үй комиссияларының құрамына мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері ғана кіреді.

Осыған байланысты, оларға жұртшылық өкілдерінің қатысу міндеттілігі туралы норманы енгізе отырып, тұрғын үй комиссиялары туралы үлгілік ережені қайта қарау талап етіледі. Бұдан басқа, қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында онлайн трансляциясымен тұрғын үй комиссиясы отырыстарын міндетті түрде аудио, бейне тіркеу қажет.

Қызметтік тұрғын үйді бөлу мәселесі де бар.

Талдау көрсеткендей, тұрғын үй беру бойынша мақұлдау немесе нақты критерийлердің жоқтығына байланысты бас тарту тұрғын үй комиссиясының қарауы бойынша жүзеге асырылады, бұл жеке тұлғаларға артықшылық көрсету үшін алғышарттар жасайды.

Сондай-ақ, талдау барысында пәтерлерді қабаттарға бөлуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Бұл мәселе нормативтік түрде реттелмеген.

Бұл әкімдіктердің қызметкерлеріне өз қалауы бойынша шешім қабылдауға жағдай жасайды және белгілі бір сыйақы үшін «сұранысқа ие қабаттарды» бөлудің сыбайлас жемқорлық тәуекелін туындатады:

Бұл жерде шешім адам факторының араласуынсыз пәтерлерді қабаттарға бөлу процесін автоматтандыру болуы мүмкін. Бұл тұрғын үйді бөлу кезінде ашықтық пен айқындылықты қамтамасыз етеді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері тұрғын үйді жекешелендіру кезінде де бар.

Бұл қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар Әділет, Қаржы министрлігінің, жер қатынастары, сәулет, әлеуметтік төлемдер саласындағы уәкілетті органдардың деректер базасында бар құжаттардың қағаз нысандарын тапсырады.

Көрсетілген жағдай қызмет көрсету кезінде әкімдіктердің уәкілетті бөлімдерінің мамандарында ұсынылған құжаттардың дұрыстығын қайта тексеру мүмкіндігінің болмауында, осылайша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына әкеп соғады.

Бүгінгі күні республикалық деңгейде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған кезекте тұрғандардың бірыңғай базасын құру пысықталуда.

Бұл, екі мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, яғни мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді есепке алумен, кезекке қоюмен және жекешелендірумен байланысты жемқорлық тәуекелдерін жоюға ықпал ететініне үміттенеміз.

Барлық талданған бағыттар бойынша біз тиісті ұсыныстар әзірледік. Анықталған тәуекелдерді жою бойынша, талдау объектілерімен бірлесіп қол қойылған жоспар қалыптастырылды.

Қазір олардың белсенді іске асырылуы жүріп жатыр.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.