«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру»  Бұл жобаны ИДЕАЛ деп айта алмаймын, өсіп өніп кетеді деп ойламаймын

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» Бұл жобаны ИДЕАЛ деп айта алмаймын, өсіп өніп кетеді деп ойламаймын

           Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының халықпен жұмыс істеу департаментінің қызметкерлерінің сұхбат беру аясында ақтарылып айтылған әңгімесі.

           Бүгінгі сұхбатымызда  МӘМС  халыққа қаншалықты тиімділігі бар екені туралы  Нұр-Сұлтан қаласының Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының халықпен жұмыс істеу департаментінің менеджері Ақтолқын Сұлтановадан сұрақтармызға жауап алдық. Мемлекеттік тегін медициналық көмектің тегін екеніне көзімізді жеткізіп, халықтың МӘМС -ға деген сенімділігін арттырайық. Айта кетсек, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың  жолдауынан:

 «2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  жүйесі іске қосылады. Азаматтарға айтарым: мемлекеттік тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі сақталады».

Бүгінде  2020 жылы МӘМС енгізуге толық дайынбыз деп айтуға болады. Ол үшін қажетті барлық заңнамалық база бар.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заң 2015 жылғы 16 қарашада қабылданды. Ол сақтандыру, мемлекеттік реттеу, сақтандырылған адамдардың құқықтары мен міндеттерін, медициналық көмек көрсету шарттарын және МӘМС жүйесіндегі  басқа да мәселелерді реттейді.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (ТМККК) жаңа моделі және МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек пакеті әзірленді.

2019 жылғы 20 маусымдағы ҚР Үкіметінің отырысында екі пакеттің тізбесі мақұлданды және бекітілді.

  1. № 420 (ТМККК)
  2. №421 (МӘМС)

Екі пакет 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС жүйесі толық іске қосылғанда күшіне енеді.

Енді, Ақтолқын Сұлтанқызы сізден сұрақтарымызға жауап алсақ;

    3 айда 224 млрд . 2017 жылы МӘМС қорына халықтан түскен қаражаттарды әр аударушы азамат 2020 жылы өз мүддесіне (МӘМС бойынша) пайдалануы мүмкін бе ?

Жауап:

2017 жылы 224 млрд. қаражат  МӘМС қорына түсті. Бұл жиналған қаражат жұмыс берушілер болып табылады. Иа, бұл жиналған қаражат қорға кіреді. 2 пакетте көмек ала алады. Біріншіден кепілдендірілген медициналық көмек екіншіден әлеуметтік медициналық сақтандыру. МӘМС қорына жиналған қаражат «Зейнетақы қорына жинақталатын қор емес » бұл ортақ жүйе қоры (солидарный система) болып табылады. Яғни, бұл қордағы қаражат бір деңгейде халыққа медициналық көмек болып көрсетіледі. Егер әр азаматқа жоспарланған емдеу қажет болған жағдайда  МӘМС бойынша   қымбат медициналық көмектерге жүгінуге болады.

      Мүлдем жұмыссыз азамат қандай түрде сақтандырылады?, 1  жылға дейін жұмыс таппайтын азаматтар бар, солар күрделі аурумен ауырып ота жасауға дейін барса, шұғыл түрдегі ауру болмаса , емханадан көмек көрсетілуі қандай болмақ?

Жауап:

Осы 2020 жылы қаңтар, ақпан, наурыз айларында МӘМС бойынша қорға қаражат құймаса онда мемлекетке берешек болып қалады.
Жұмыссыз азаматтар жергілікті еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
орталықтарына барып тіркелуі қажет. Егер тіркеуде болмаса,
жұмысы болмаса ол азамат өз өзіне жарна төлеуі қажет.  15 санаттағы азаматтар ғана жарнадан босатылады . Төлемеген жағдайда ол азамат кепілдендірілген медициналық  көмек ала алады, ал  төлеген жағдайда МӘМС бойынша медициналық көмек ала алады. Осы күнге дейін қазақстан
азаматтарына кепілдендірілген медициналық көмек көрсетіліп келе жатыр. Осы кепілдендірілген жүйе сол қалпында қалады.
кепілдендірілген медициналық көмек көрсетілген жағдайда ақылы
қызметтерді ақылы түрде өтеді. Мысалы: КТ, МРТ т.б.
МӘМС жүйесінде алуы тиіс.

    Қайтыс болған азаматтың  МӘМС тен жиналған  қаражаттары  мүлдем пайдалынбаса, туыстарының пайдаланылуына беріле ме? Туыстарына берілмесе, онда жиналған қаражат кімнің пайдасына түспекші?

Жауап:

Жиналмалы қаражат ретінде қаралмайды? Сол себепті МӘМС ға түскен қаражат бірдей бөлінеді.  Яғни бұл төленген қаражат, егер туысысы МӘМС да сақтандырылған болса, оның қаражаты бәріне бірдей. Туысына немесе баласына аударып бере алмаймыз.  НЕГЕ? Себебі ол заңда қарастырылмаған. МӘМС жиналмалы жүйе емес. Бәріне бірдей медициналық көмек көрсетіледі. Егер сол азамат ауырған жағдайда тіркеуде  шотында 50 мың теңге болса да ол азаматқа 3 млн теңгенің отасы жасалуы мүмкін.

     Мәселен 3 бала және төмен   ажырасқан келіншектер, күйеуі қайтыс болған аналарды көп кездестіруге болады , олар көп балалы анаға жатпайды, ешқандай көмек ешкімнен алмайды ,ресми түрде жұмыс істемейді, алимент алмайды , әйтеуір күн көріс үшін әр жерде жұмыс жасап қаражат табуда, осындай аналар МӘМС ті қандай түрде төлеуі тиіс? Мемлекет тарапынан көмек көрсетілуі қандай болмақ?

Жауап:

Заңнамаға сәйкес ол азаматтар 15 санаттың ішінде болса онда төлемақыдан босатылады. Егер сол 15 санаттың ішіне кірмесе, ешкімнен ешқандай көмек алмаса, онда өз өзіне МӘМС ға жарна төлеуі тиіс. Ең төменгі жалақыдан 5% төлеп отыруы тиіс.   

         МӘМС бойынша дәрі дәрмектің тегін берілуі мүмкін ба? Берілетін болса қандай дәрі дәрмектердің  тізімдері енгізілуі мүмкін?

Жауап:

 Дәрі дәрмек 2 пакетте беріледі. Кепілдендірілген
медициналық  көмек  және  МӘМС бойынша  ала алады. 2020 жылы дәрі дәрмектердің  жаңа тізімі шығады. Сол жаңа  тізім бойынша қарастырылады. Амбулаториялық  жағдайда, дәрі дәрмектер тегін көрсетіледі.

        Жұмыс орнын ауыстыру кезінде  1 және 2 ай үзіліс  болған жағдайда  МӘМС бойынша емханаларда емделуіне мүмкіндігі қандай?

Жауап:

    3 айда сақтандырылған дәрежесін ала алады. Уақытша жұмыс жасамаса  өз өзіне жарна төлеуі тиіс немесе жергілікті еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  орталықтарына барып тіркелуі қажет. Әрине, кепілдендірілген медициналық  көмек ала алады, ал  төлеген жағдайда МӘМС бойынша медициналық көмек ала алады.

     Ұлттық банктегі жиналған МӘМС қаражаттары  кімге?қайда? неге? пайдаланылуға беріледі? Қаражаттың қажетті жерге жұмсалғаны туралы ашық түрде қазақстан азаматтарына жария етуге бола ма? Ол қаражатты қандай ведомства  өкілі бақылайтын болады? Жемқорлыққа жол бермеуіне кім кепіл?

Жауап:

Барлық жиналған аударымдар ұлттық банктің шотында болады. Барлық медициналық келісім шарттар т.б. жұмыс көздері порталда ашық түрде көрсетіледі. Ұлттық банк біздің медициналық кепіл ретінде МӘМС қаражаттары сонда сақталады. Қазіргі таңда 1400 медициналық мекемелермен келісім шартқа отырдық. Бұл қаражаттардың бәрі медициналық көмекке ғана жұмсалады. Қарызға беру, қаржыландыру ретінде қарастырылмайды. Ай сайын өзімідің ресми сайтымызда баспасөз мәлімдемесінде жариялап тұрамыз. Сол мекемелерге аударылған қаражаттарды мәлімдеп  fms.kz сайтында жария беріп отырамыз. Бізді Денсаулық сақтау мннистрлігі бақылайтын болады.

       МӘМС қорымен келісімге отырған жеке медициналық ұйымдар қарапайым халыққа қол жетімділігі туралы айтып өтсеңіз.

Жауап:

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде мемлекеттік, сонымен бірге жеке клиникаларда емделуге болады. Ол үшін клиника міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен келісім-шартқа отырады. 

     Осы МӘМС салықтың бір түрі деп есептемеисізбе?, МӘМСжобасы  тегін медициналық көмекке жата ма?

Жауап:

2018 жылы салық  заңнамасында  әлеуметтік салықтың түрі бар. МӘМС салықтың түріне жатпайды.  Әр кәсіпорыннан түскен қаражат ол 1.5 % МӘМС қорына түседі. Жаңадан енгізілген еліміздегі денсаулық саласындағы реформа. Медициналық қызметтің сапасын көтеру мақсатында енгізілген жүйе деп есептеймін. 18 млн халықтың 11 млны 15 санаттағы азаматтарға жатады. Профилактикалық тексеруден өтіп тұру керек жылына бір рет. Алдын ала аурудын себептерін тауып ем қабылдауына МӘМС жобасы көмегін тигізеді. МӘМС жобасы күрделі диагностикаға қол жетімді болады.

     Қызметкерлер үшін жұмыс берушілердің аударымдары қандай? Егер жұмыс беруші, табыс көзін тауып отырған жеке тұлғалар т.б. МӘМС бойынша аударымдарды аудармаса, әлде кешіктірсе, салық органдар тарапынан айыппұл салынуы мүмкін бе?

Жауап:

     Егер жеке кәсіпкерлер мен жеке компаниялар өз қызметкерлеріне
МӘМС бойынша төлемақы жүргізбесе онда айыппұл салық комитеті
салуы мүмкін, 0,25 пайыз ұлттық банктің есептеген пайызы бойынша айыппұл салынады. Әлеументтік аударымдар бойынша есептерін көрсетіп отырады. Әр айдың 25  төлеп отыру керек. 
Ал жеке азаматтар төлемақы жүргізбесе, оларға  заң бойынша айыппұл
салу қарастырылмаған, бірақ қарыздар болып қалады. Жылдың
соңында 2020 желтоқсанында 12 айда кімнің төлегенін немесе төлемегенін
қарастырамыз. Төлемеген азаматтардың тізімін салық органына
жіберіп отырамыз. Сұраныс салық органынан болады.

       Осы арада сұрақ туындап отыр, салық органы қандай заңға сүйеніп  жұмыссыз азаматтардан қарыздарды өндіріп бермекші?

 Жауап:

     Жұмыссыз азаматтар жергілікті еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  орталықтарына барып тіркелуі қажет. Тіркеуде болса ол азаматтардан ешкім еш нәрсе сұрамайды. Егер жұмыс істемей жәй үйде отыратын азамат болса, олар өз өздеріне төлеп, барлық медициналық көмекті ала алады. Әр азамат өз жауапкершілігін заң алдында сезіну керек. Сапалы медициналық көмек алғын келсе онда МӘМС ға қаражат құю керек. МӘМС бәрімізге бірдей жүктелген міндет, енгізілген жүйе болып табылады. Салық органымен реттестілінген шарттарымыз бар. Салық органына тізімдерін жіберміз, тіркеу мақсатында, медициналық көмек көрсетіп қамтамасыз ету, бір ретке келтіру үшін. Соның ішінде салық төлемей қашып жүрген азаматтарда бар шығар, ондай азаматтар Қазақстан республикасында  2 млн 300 мыңға дейін барады. Яғни, медициналық сақтандыру қорына төлемей қашып жүріп, өзінің табысын тауып жүрген шығар, сол азаматтарды бір келкі салық заңнамасына, салық жүйесіне тіркеу үшін бірге жұмыс жасауымыз керек. Сол себепті, салық органына тізімді жіберіп, тексеріп сол азаматтың жұмыс жасайтынын жасамайтынын біліп, жұмыс жасамаса МӘМС тен босатып еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  орталықтарына жібереміз.

     МӘМС жобасы қандай елдерденің көшірмесі болып табылады?

Жауап:

Латвия, Германия, Прибалтика елдерінен алынған жоба. Айта кетсек, елімізде халықтың саны көбеюде. Балалардың туу деңгейі де өсуде. Қазіргі таңда адамның орташа өмір сүру деңгейі 75 жас болып жатыр. Жасы ұлғайған сайын адамның созылмалы аурулары да көп болады.  Ауру көп болған сайын, медициналық мекемелерге көп баруына талап етеді. МӘМС жобасының көмегімен емделуіне жеңілдік туындайды. Халықтың санының көбеюне байланысты МӘМС жобасын енгізуге шешім қабылдады.

 МӘМС бойынша төлем жарнасы жылдан жылға өсуі туралы айтып кетсеңіз?

Жауап:

Жарнаның өсуі, айлық есептік көрсеткішке байланысты өзгерістер болуы мүмкін.

 

Республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін - 1 АЕК немесе - 2 525 теңге;

Ауылдық елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар үшін - 0,5 АЕК немесе -1263теңге.

БІЛУ МАҢЫЗДЫ! Дәрі МӘМС пакетінің тізімінде болу керек.

МӘМС қатысушысына сапасыз қызмет көрсетілсе немесе азаматтың құқықтары бұзылған жағдайда, қор сақтандырылған адамдардың  құқықтары мен мүддесін қорғайды. Жарналар мен медициналық қызметтер туралы ай сайын ақпарат алуға болады.

 

Мадина Жатканбаева

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 5

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.