Қазақстан Республикасы Кәсіптік одақтарының төрағасы ұшақ апатына байланысты көңіл айтты
Қазақстан Республикасы Кәсіптік одақтарының төрағасы Ералы Тоғжанов Алматы маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.
«Алматы әуежайынан ұшып шыққан «Bek Air» әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан Республикасы Кәсіптік одақтарының және жеке өзімнің атымнан орны толмас қайғылы оқиғаға ортақтасып, қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Барлық зардап шеккен жолаушылардың тезірек сауығып кетуін тілеймін»,- деді Ералы Тоғжанов.
[xfvalue_img]