АЛИК ШПЕКБАЕВ: Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу өңірдің инвестициялық ахуалын жақсартады

АЛИК ШПЕКБАЕВ: Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу өңірдің инвестициялық ахуалын жақсартады

 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев жұмыс сапарымен Атырау облысына барып, өңірдің бірқатар іс-шараларына қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың қатысуымен ел Президенті жариялаған "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын орындау мақсатында "Antikor ortalygy"сервистік орталығын ашты. 

Азаматтарды кедергісіз және жедел қабылдау үшін ашылған сервистік орталықтар жұртшылықпен диалог алаңының рөлін атқарады.

Оpen-space және фронт-офис жұмысының тиімді үйлесімі азаматтарға құқықтық көмек пен құқықтық қызметтерді сапалы көрсетуге, мемлекет пен қоғам арасындағы қашықтықты қысқартуға мүмкіндік береді. Осылайша мемлекеттік аппараттың қоғамға ашықтығы мен есеп беруін қамтамасыз етеді.

Сервистік орталықты аралау барысында Агенттік Төрағасы халықпен кері байланысты күшейту мақсатында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, сондай-ақ Агенттіктің Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлеріне пәтер кілттерін табыстады. Мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың басшыларымен жұмыс кездесуін өткізді, онда сөз сөйлеген қоғам қайраткерлері мен ҮЕҰ басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласында жүргізіліп жатқан Агенттіктің бастамаларына қолдау білдірді.

Агенттік Төрағасының одан әрі сапары Атырау облысы әкімінің аппаратында жалғасты, онда "Адалдық дүкендерінің" ашылуы өтті.

Бүгінгі таңда өңірде өзіне-өзі қызмет көрсету қағидаты бойынша жұмыс істейтін 190-ға жуық адалдық дүкені бар, оның 3-еуі ЖОО-да, 20-ы колледждерде, 167-і мектепте орналасқан.

Бұдан әрі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы аудан және қала әкімдері, барлық деңгейдегі мәслихат хатшылары, депутаттар, аудандық арнайы мониториг топтары мен "Adaldyq Alany" басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері қатысқан кездесу өткізді.

Облыс әкімі М. Досмұхамбетов өңірде нақты міндет қойылғанын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстар айтарлықтай жанданғанын атап өтті.

Өз кезегінде, А. Шпекбаев Атырау өңірінің отандық және шетелдік инвесторлар үшін инвестиция тартудағы ерекшелігі мен маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, барлық мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың басшыларын кәсіби, тиімді және сыбайлас жемқорлықтан таза мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша жұмысты күшейтуге шақырды.

Агенттік төрағасы жұмыс сапарының жалғасы ретінде облыстың инвестициялық ахуалын талқылау үшін PBI жобасы (Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау жобасы) аясында кәсіпкерлер форумына қатысты. Іс-шараға уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері, "Атамекен" ҰКП өңірлік филиалдары мен "Қазақинвест" ҰК "АҚ," Шеврон МұнайГазИнк"," Caspian Offshore Construction Realty " және т.б. басшылары қатысты.

Қазіргі уақытта PBI жобасы аясында Атырау облысы бойынша департамент 13 кәсіпкерлермен 171 млн.теңгеден астам сомаға келісімге қол қойды. Инвесторлар үшін жалғыз шарт - инвестициялық жобадағы сыбайлас жемқорлықты құраушылардан жүз пайыз бас тарту және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеу.

"Сіздердің белсенділіктеріңіз бен біздің жедел әрекетіміздің арқасында сыбайлас жемқорлық алғышарттары жойылады, ал кінәлілер әділ жазаға тартылады. Осылайша, сыбайлас жемқорлықтан таза аумақтарды кеңейту және парасаттылық қағидаттарын енгізу бойынша мемлекет пен қоғамның күш-жігерін біріктіру үшін алғышарттар жасалады. Жалғыз ғана шарт -бизнесті адал жүргізу. Сондықтан менің келуімнің мақсаты - проблемалық мәселелерді талқылау және оларды шешу", - деді Агенттік Төрағасы.

А. Шпекбаевтың жұмыс сапары Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында жергілікті режиссерлер ұйымдастырған "Адам болып келдім өмірге" атты театр қойылымын қорытындыланды. Қойылымның мақсаты -заңды бұзудың қандай салдарға әкелетінін нақты мысалдарда көрсету, қоғамның әрбір мүшесі үшін сыбайлас жемқорлық мінез-құлқының теріс салдарларын ашу.

Күн соңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Департаменттің жеке құрамымен кездесіп, бірқатар нақты тапсырмалар берді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.