Абу-Дабиде «Адалдық осы жерден басталады, сыбайлас жемқорлықпен жаһандық күреске өз үлесінді қос» атты семинар өтті

Абу-Дабиде «Адалдық осы жерден басталады, сыбайлас жемқорлықпен жаһандық күреске өз үлесінді қос» атты семинар өтті

 

16 желтоқсанда Қазақстан делегациясы БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының (UNCAC) 8-ші сессиясының жұмысына қатысты.

Конференция аясында интерактивті сессия форматында Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың перспективалары туралы қосымша іс-шара өткізілді. Айта кету керек, бұл формат осы деңгейдегі іс-шарада алғаш рет қолданылып делегаттардың шынайы қызығушылығын тудырған.

Сессияны ашқан БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқарманың атқарушы директоры Юрий Федотов делегаттарға UNCAC он бес жылдан астам уақыт ішінде жаһандық ілгерілеуде сыбайлас жемқорлық криминализациясы мен ұрланған активтердің қайтарылуына трамплин болып келе жатқандығы туралы хабарлады.

«Он жыл ішінде UNCAC-тің шолу механизмі елдерді сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және онымен күресуге бағытталған кешенді стратегияларды жүргізуге, сондай-ақ бір-бірімен тығыз ынтымақтастық жасау бағытына айтарлықтай үлес қосты», – дейді Юрий Викторович.

Өз кезегінде Бас хатшының орынбасары шараны бірлесіп ұйымдастыру жұмыстарына қатысқаны үшін Қазақстанға шын жүректен алғысын білдірді. «Бүгінгі тәжірибе алмасу сессиясы қатысушыларға бір-бірінен үйренуге және жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді деп сенемін. БҰҰ ЕҚБ озық тәжірибені пилоттауға, енгізуге және кеңейтуге мүдделі барлық адамдарды қолдау үшін осында», – деп атап өтті ол.

Сәлемдесу эстафетасын қабылдағаннан кейін Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов өз сөзінде Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің жаңалықтары мен бастамалары туралы айтты. Атап айтқанда, ол заңсыз байыту бағытында қабылданған кейбір тәсілдерді сипаттады.

Іс-шараның тақырыбы Конвенцияның 20-бабы және оның сапалы орындалуына кедергі келтіретін себептер болды. Сарапшылар осы проблеманың 5 негізгі факторын өздері анықтап, анықталған себептерді ұсынғаннан кейін топтық шешімдер әзірленді.

Семинарға UNCAC мүше елдер мен халықаралық ұйымдардың 40-тан астам мамандары қатысты.

Сонымен қатар, негізгі кездесу аясында Агенттік Төрағасының Бірінші орынбасары мен Австрия, Франция, Ресей, Египет, Қытай, ХСЖҚА және т.б. құзыретті органдарының өкілдері арасында екіжақты кездесулер өтті.

Сонымен қатар, Олжас Бектенов Дубай экономикалық қауіпсіздік орталығының басшысы Файсал Слайтенмен кездесті. Достық кездесу барысында органдар арасындағы қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандумды іске асырудың перспективалары мен практикалық қадамдары талқыланды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.