Түркістан облысында 1424 Call-орталығына түскен хабарлама бойынша мектеп директорына қатысты тергеу басталды
Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 1424 Call-орталығына түскен хабарламаны тексерудің нәтижелері бойынша Жетісай ауданы орта мектебінің директорына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігі бойынша тергеу бастады.
Ол оқытушы ретінде жұмысқа орналастыру үшін азаматтан 100 мың теңге сомасында пара алғаны үшін күдікке ілінді.
Күдіктінің өз кінәсін мойындауына, оның және қорғаушысының сотқа дейінгі тергеуді жеделдетілген тәртіпте аяқтау туралы өтінішіне байланысты оған қатысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.
Күдікті кінәсінің деңгейі туралы соңғы шешімді сот шығарады.
[xfvalue_img]