Дәрігерлердің кәсіптік қызметін құқықтық тұрғыдан қорғау құралдарын енгізу

Дәрігерлердің кәсіптік қызметін құқықтық тұрғыдан қорғау құралдарын енгізу

    Ұзақ уақыт бойы ұлттық заңнамада денсаулық сақтау құқығын оны жүзеге асырудың белгілі бір тетіктерін бекітуді талап етпейтін екінші деңгейдегі құқық ретінде қарастырып келді. Осы жағдай құқықты жүзеге асыруға мүдделердің жоқтығы мен инвестициялардың жетіспеушілігіне себеп болды. Дегенмен денсаулыққа құқығын іске асырудың тетіктерін және оның басты элементтерін айқындайтын ережелерді мемлекеттер өз конституциялары мен ұлттық заңнамаларына негізгі және кепілдендірілген құқықтар ретінде енгізген сайын бұл мәселе едәуір өзгерістерге ұшырауда. Мемлекеттер ішінде денсаулыққа құқықты жүзеге асыруға және осы саладағы заңнаманың дамуына мемлекет ішіндегі сот органдары қомақты үлес қосты, атап айтқанда осы салада маңызды шешімдер қабылдаған Азия, Африка, Латын Америкасы елдері болды.

     Дене және психикалық денсаулығының қол жеткізе алатын ең жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету жолындағы осы және басқа да оң өзгерістер біршама ілгерілегеніне қарамастан, денсаулыққа құқықтарын бәрі толығымен іске асыра алмайды, өйткені халықтың маргиналды және өзге де осал топтарының өкілдері үшін денсаулықтың ең жоғарғы ықтималды деңгейіне қол жеткізу мүмкін емес болып қалуда. Шын мәнінде емдеу-алдын ала сауықтыру мекемелеріне жүгінгенде көбі кемсітушілік, негізгі құқықтардың бұзылуы және медициналық қызметкерлер тарапынан болатын асыра сілтеушілікке тап болады. Хабардар болғаннан кейінгі келісім беру және денсаулыққа құқық мәселелері бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясында жасаған менің баяндамамда атап көрсетілгендей, көптеген мекемелерде жеке басының өміріне қол сұқпау және денеге қол сұқпау құқықтары бұзылады. Емделушілерге де, дәрігерлерге де тең дәрежеде денсаулық сақтау мекемелерінде адамның құқықтары бұзылған жағдайларда болатын зиянның алдын алу, анықтау және орнын толтыру мәселелері бойынша қолдау қажет. Ең алдымен емделушінің дәрігерге сену қажеттілігінен туындайтын «дәрігер – емделуші» қарымқатынастарының бастапқыдан теңсіз болатындығы және олардың білімдері мен тәжірибелері деңгейлерінің айырмашылығына байланысты жағдайларға қатысты болып, емделушінің жіктік, гендерлік, этностық өзгешелігі және басқа да әлеуметтік-экономикалық факторларға байланысты оның белгілі бір әлсіздігімен ұлғая түседі.

     Соңғы уақытта Қазақстанда дәрігерлер жұмысының құқықтық саласына және жауапкершілікті орнатуға үлкен қызығушылық пайда болды, әлеуметтік желілерде және баспасөзде дәрігерлердің және жалпы денсаулық сақтау жүйесінің қоғам алдындағы жауапкершілігі шаралары туралы елордамызда жуырда  қызу талқылау болып өтті.

     2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес қылмыстық құқықты одан әрі дамытудың маңызды бөлігі қылмыстық репрессияның көлемін азайту жолдарын, қылмыстық жазадан, қылмыстық жауаптылықтан босату жағдайларын кеңейту жолдарын іздестіру болып табылады. Тұжырымдама қалпына келтіретін әділеттілік элементтерін ішкі іс жүргізу заңнамасына және құқық қолдану практикасына енгізді, олардың бірі - медиация. Медицинада білікті конфликтолог-медиаторлардың жетіспейтінін атап кеткен жөн. Медициналық  қызмет көрсету саласындағы шиеленістердің қатысушыларының заңнамалық бекітуді талап ететін, оны реттеудің әртүрлі тәсілдерін таңдау мүмкіндігі болуы тиіс. Дауларды реттеудің сәйкес тәсілдеріне жүгіну ерікті сипатта болады. Сондықтан пациенттер шиеленіс тарабы ретінде оларға тек бұл жүйе өзінің тиімділігін дәлелдеген жағдайда ғана жүгінеді. Медиация азаматтардың көпшілігі үшін шиеленістің басқа тарабының құқықтарын танитын және құрметтейтін және өзінің таңдауына жауапты болатын өз бетінше іс-қимыл жасауға қабілетті тұлға үшін құрал ретінде қолжетімді болуы тиіс. Ұлттық денсаулық сақтау палатасы кейіннен халықаралық жаттықтырушыларды шақыра отырып, денсаулық сақтау саласындағы медиацияның негіздеріне оқытуды ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Қор қызметінің мәні республиканың заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігінің кепілдігін жүзеге асыру, оның міндеттерінің бірі денсаулық сақтау саласындағы медиацияны дамыту болып табылады.

      Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамалары  денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, денсаулық сақтау қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеудің, кадрларды таңдаудың және орналастырудың, оларды пайдаланудың тиімділігін бақылауды жүзеге асырудың, денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің атқарып отырған лауазымдарына сәйкестігіне аттестация жүргізудің негізі болып табылады. Денсаулық сақтау (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет) ұйымдарындағы өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметтерді басқарады, қабылданған шешім, мүліктің сақталуы және тиімді пайдаланылуы, сондай-ақ оның қызметінің қаржылық-шаруашылық нәтижелері үшін толық жауап береді. Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетіктерін анықтайды. Мемлекеттік стандарттарға сай болуы үшін көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қызметкерлер жұмысын ұйымдастырудың нысаны мен әдістерін жаңадан енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді. Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылдарын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды. Білікті кадрлардың өз кәсіптік білімдері мен тәжірибелерін ұтымды пайдалануына, өмір мен денсаулыққа қауіпсіз еңбек жағдайын құруға, ұжымда қолайлы психологиялық ортаны қалыптастыру үшін шаралар қабылдайды. Ұйым қызметінің талдауы және оның жұмыс көрсеткіштерінің бағасы негізінде ұйым жұмысының нысаны мен әдісін жақсартуға арналған қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік принциптерінің негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбекке ынтасын, бастамасын және белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер ететін басым факторларды анықтайды. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға арналған пәрменді шараларды қабылдайды. Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді, санитариялық ережелер мен нормаларды және гигиеналық нормативтерді сақтауды оперативті және зертханалық-аспаптық бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады. Ұйым қызметінде, сондай-ақ қаржылық-шаруашылық басқару үшін құқықтық құралдарды пайдалану, шарттық және қаржылық тәртіпті бекіту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелеріне қатысты заңдылықты сақтауды қамтамасыз етеді. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау мен жұмыстан шығаруды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен шарт жасасады, мәміле жасайды. Өз құзырына қатысты мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады. Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымның өкілі болады. Медициналық этиканың орындалуын, ішкі еңбек тәртібінің, құралдарды, жабдықтарды және тетіктерді техникалық пайдаланудың талаптарын, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді.

     Денсаулық сақтау жүйесі – мем­лекеттің негізгі құ­ры­лы­мының бірі. Мем­ле­кеттің демог­рафиялық көрсеткішінен бас­тап, адам капиталының сапасы, жалпы халықтың өмір сапасы аталған құрылымның жұмысымен байланысты екені анық. Сондықтан денсаулық сақтау жүйесінің дамуы – мем­ле­кеттің әлеуметтік-эко­но­ми­калық саясатындағы маңызды мәселелерінің бірі.

«Денсаулық сақтауды да­мыту» республикалық орта­лы­ғының бас директоры Айнұр Айыпханова елімізде дәрі­гер­лер­дің құқығы қорғал­май­ты­нын, осыған байланысты жаңа шараларды қолға алу қажеттігін айтты. «Сөздің шыны керек, бүгінгі таңда елімізде медицина қызметкерлерінің құқықтары қорғалмаған. Жалпы бұл әлемдік тә­жірибеде де мемлекеттің не­гіз­­гі функциясына жатпайды. Ше­телде дәрігерлердің құқығы мемлекеттік емес ұйымдарға жүктелген. Яғни медицина қызметкерлері дәрігерлер ассоциациясы сияқты ұйымдарға жыл сайынғы жарнасын төлеп, көмекке жүгінеді. Аталған ұйым қажет жағдайда адвокат­пен де қамтамасыз етеді. Оған қоса басқа мемлекеттер­де кә­сіподақ­­тардың да орны ерекше. Ал бізде кейбір ұйым­­дарда кәсіподақ мүлде жоқ. Осыған орай дәрігердің мәрте­бесін көтеру, құқығын қор­ғау мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі басқа да медицина қызметкерлерімен бірлесіп, жаңа кодекс әзірлеп жатыр. Оның Парламенттегі кезекті талқылауы тамыз айы­на жоспарланған. Егер бәрі дұрыс болса, заң келесі жылы күшіне енеді. Жаңа кодексте «Медицина қызметкерінің мәр­те­­бесі» деген бөлек тарау болады. Дәрігерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту – олардың құқығын қорғаудағы маңызды алғышарттың бірі. Осылайша медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау қолға алын­бақ», деді маман.

Айнұр Айыпханованың айтуына қарағанда, заң қабыл­дан­ған жағдайда медицина қызметкеріне әлдекім қол көтеріп, оның намысына тиетін сөздер айтса, бұрынғыдай сот шешімі күтілетін ұзақ процесс артта қалып, медицина қызметкеріне қарсы әрекетті бұзақылық деп танып, айыппұл төленеді. Әзірге бұл аурухана басшылығы немесе учаскелік полицияны шақырту арқылы жүзеге асатыны белгісіз. Дегенмен халықтың дәрігермен қарым-қатынасын реттемек.

      Бұл мәселе мемлекетімізде ғана өзекті емес, шетелде де шешімін таппаған түйткіл. Өйткені көп елде науқастың дөрекі қылықтарын дәрігердің қызмет көрсетуіне қанағаттанбау деп қабылдау жиі кездеседі. Алайда дәрігерлердің құқығын қорғауға негізделген заңдар мен ұйымдар аз емес. Мәселен, 1986 жылы АҚШ-тың бір топ дәрігерлері Physicians for Human Rights деп аталатын құқық қорғау ұйымын ашады. Бүгінде халықаралық ұйымға айналған орталық әлем елдерінің, әсіресе Шығыс Азиядағы еңбегі еленбей қалатын әріптестерінің құқығын қорғау, моральдық көмек берумен айналысады. Ұйым дәрігерлердің жағдайынан бөлек, сегрегация, дискриминация, әйелдер зорлығы, қарулы қақтығыс жағдайларында аза­мат­­тарды қорғау сияқты мәселе­лердің шешімін табуға да атса­лысады. Ал Еуропа елде­рінде дәрігерге қатысты шағымдар толық зерттелгеннен кейін шешім шығарылады. Мәселен, былтыр Германияда медицина қызметкерлеріне қатысты 11 882 шағым түскен, олардың 2 132-сінде ғана дәрігер қателігі расталған.

Үнемі бір тараптың кінәлі болмайтыны белгілі. Алайда қаншама адамның өмірін құтқарған абзал жандарға дөрекі сөйлеу, қол жұмсау, еңбегін елемеу онсыз да аз айлығын қанағат тұтып, елге пайдасын тигізіп жүргендердің қоғамда бағаланбайтынының көрінісі. Эмоция мен кәсібиліктің нақты шекарасын белгілеу қиындығы дәрігерлер мәртебесінің тап­та­­луы­на алып келіп отыр. Ме­ди­­цина социологиясының беделді өкілі А.В.Решетников «дәрігердің әлеуметтік мәртебесі еңбек ақысы, мамандықтың мәртебесі, өзін-өзі шыңдау сияқты критерийлерге байланысты» дейді. Медицина қызметкерлерінің мәртебесі – денсаулық сақтау жүйесінің тиімді жұмысының маңызды детерминанты. Сондықтан бүгінгі таңда жүйедегі қиындықтарға қарамастан, олардың еңбегін бағалап, өзін-өзі шыңдауға мүмкіндік беру, науқастардың орынсыз әрекеттеріне қатысты шаралар қолдану арқылы абзал жандардың құқығын қорғау маңызды болып отыр. 

     Денсаулық сақтау саласындағы қылмыстық заңнаманы да ізгілендірудің уақыты келді. Мамандардың айтуы бойынша, бұндай науқан жас түлектерді өз саласында ерен еңбек етуге ынталандырады. Сондай-ақ, ҚР Жоғарғы сотының төрағасына медициналық қызметкерлерді қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шаралары бойынша бірыңғай соттық тәжірибені құру және абайсызда жасалатын қылмыстарға, олардың қоғамдық қауіп-қатеріне ерекше көңіл бөліп, бұлтартпау шараларын санкциялау бойынша арнайы нормативтік қаулыны қабылдау туралы ұсыныс жасалды.

 

 Толкын Сайлаухан

 

 

                                                                                           

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.