ҚР-ның санитарлық авиациясы Италияда ЖКО салдарынан ауыр жарақат алған Қазақстанның екі азаматын Отанына жеткізді

ҚР-ның санитарлық авиациясы Италияда ЖКО салдарынан ауыр жарақат алған Қазақстанның екі азаматын Отанына жеткізді

2019 жылы 30 мамырда Италиядағы ЖКО салдарынан ауыр жарақат алған Қазақстанның екі азаматы Алматы қаласының №7 Қалалық клиникалық ауруханасына ҚР санитарлық авиациясының күшімен сәтті жеткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы 22 мамырда Италияда (Сиена провинциясы) Қазақстан Республикасының азаматтары болған туристік автобус аударылған болатын. Жол-көлік оқиғасы жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 09:30-да болған. Жергілікті шұғыл қызметтердің хабарлауынша, автобус кюветке шығып, аударылған.

Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде түрлі дәрежедегі көптеген жарақаттары бар Қазақстанның 2 азаматы Италияның медициналық ұйымдарына шұғыл түрде емдеуге  жатқызылды.

Пациенттердің жағдайы азаматтық авиацияның рейстік авиажелілерін тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермегендіктен, ҚР Сыртқы істер министрлігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен және ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығымен бірлесіп пациенттерді Отанына тасымалдауды ұйымдастыру процесін бастады.

Пациенттерді тасымалдау ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының санитарлық авиациясының екі мобильді бригадасының сүйемелдеуімен жүзеге асырылды.

31 мамыр күні сағат 00: 50-де ұшақ Алматы қаласының әуежайына қонды бұдан әрі пациенттер Алматы қаласының № 7 қалалық клиникалық ауруханасына жекізілді. Пациенттер бұдан әрі ем қабылдауды Отанында жалғастырады.

Қазіргі уақытта пациенттердің жағдайы тұрақты деп бағалануда, олар Алматы қаласының № 7 қалалық клиникалық ауруханасы дәрігерлерінің бақылауында.

2011 жылдан бастап 2019 жылдың 1 тоқсанына дейінгі аралықта ҚР санитариялық авиациясы Тайланд, Түркия, Швейцария, АҚШ, Оңтүстік Корея, Египет, Қырғызстан, Қытай Халық Республикасы, Ресей және басқа да елдерден 59 Қазақстан азаматын тасымалдады. Жақын және алыс шетелдерден барлық медициналық тасымалдау республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.

Санитарлық авиация қызметінің жұмыс істеген барлық кезеңінде барлығы 17 мыңнан астам қазақстандыққа көмек көрсетілді, оның ішінде: 2772 акушерлік патологиясы бар әйелдер, 2756 жаңа туған нәрестелер, 3713 бала жасындағы патологиясы бар балалар, 2859 қан айналымы жүйесі аурулары бар пациенттер, жазатайым оқиғалардан, уланудан және жарақаттан зардап шеккен 3647 пациенттер және өзге де аурулары бар 1646 пациенттер.

 

ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының санитарлық авиациясының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.