Жүйелі блокты тонаған күдікті ұсталды
Ағымдағы жылдың мамыр айының 12-ші жұлдызында "AWP" интернет клубының әкімшісі белгісіз тұлғаның интернет клубтан еркін қол жеткізу арқылы "Q Max" маркалы компьютердің қара түсті жүйелік блогын жасырын ұрлап кеткендігі туралы арызданған. Келтірілген шығын 250 мың теңгені құрады. Нұр-Сұлтан қ. ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының патрульдік полиция полкінің қызметкерлерінің шебер және жедел әрекеттерінің арқасында күдікті ұсталды. Ол бұрын ұрлық бойынша жауапкершілікке тартылған 19 жасар елорда тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тексеру жүргізілуде.
Нұр-Сұлтан қ. ПД ЖПҚБ Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
19 пікір