Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасының Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бағыты бойынша 1 400 алматылық тұрғын қоныс тойын атап өтпек

Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасының Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бағыты бойынша 1 400 алматылық тұрғын қоныс тойын атап өтпек

Олардың ішінде Алматылық 472 отбасы өз пәтерлеріне кіруге дайындық үстінде. Олардың алған баспаналары Алматы қаласының Алатау ауданындағы «Саялы» ықшам ауданында орналасқан. Бүгін жаңа қоныс иелерін Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Басқарма төрайымының орынбасары Жанар Жұбаниязова мен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев құттықтап, оларға пәтер кілтін табыстады.

- Бүгін тұрғындарымызбен бірге бәріміз қоныс тойын атап өтудеміз. Олар тұратын Алатау ауданы - дамып келе жатқан жаңа аудандардың бірі. Мұнда мектептер, ауруханалар, бала бақшалар мен спорт кешендері бар. Біз тұрғындарымыздың осы ауданда жайлы өмір сүруі үшін, оны одан әрі көркейтуге барынша жағдай жасаймыз, - деп атап өтті Мұхит Әзірбаев. 

-Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының қоныс тойы тағы бір қуанышты жайт, яғни тұсау кесер шарасымен тұспа тұс келді. Бұл дәстүр «Саялы» ауданының кішкентай тұрғыны үшін ғана емес, сондай-ақ, осы қуанышқа жиналған барлық қауым үшін де аса маңызды. Осы жылы Алматы қаласында дәл осындай қоныс тойын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің тағы кемінде 1 000 салымшысы атап өтпек. Бұған қоса, Алматы қаласында алдағы жылы шамамен 600-дей пәтер сатылымға қойылады. Ол үшін қала әкімдігі тарапынан 18 тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарлануда, - деді Жанар Жұбаниязова.

Құттықтаулармен қоса, банк және әкімдік қызметкерлері Саялы ықшам ауданы тұрғындарына өз үйлерінің аулаларын көркейтуге ат салысты. Осылайша, 50-ден астам ақ қайың көшеттері жаңа салынған үйлердің көркін келтірді.

Мемлекеттік бағдарлама аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары алған үй 1 шаршы метрі 159 000 теңгеден таза әрлеу күйінде берілді.

Аталған пәтерлерді сатып алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотта тұрғын үй бағасының кемінде 20 пайызын жинау талап етілді. Бұл «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қойылған шарттардың бірі. Ал, заем бойынша мөлшерлеме жылдық 5 пайызды құрады.

Мәселен, 6,4 млн. теңгелік бір бөлмелі пәтерді сатып алу кезінде, банктегі депозитте 1,3 млн. теңгені жинау талап етілді. Ол үшін Мөлдір Азанбекованың отбасына екі жыл қажет болды. Енді олар өз баспанасына қол жеткізіп, қоныс тойын атап өтуде.

-Бұған дейін біздің өз үйіміз болған жоқ. Біз жұбайымыз екеуіміз ғылыми қызметкер ретінде зерттеу орталығында жұмыс істеп жүріп, қызметтік пәтерде тұрдық. Әрине, ол өзіңе тиесілі болмағандықтан, өзімізді ол үйдің толықтай иесі сияқты сезіне алмадық. Өз бапанаң ертеңгі күнге деген сенімділікті арттырады. Ал осы пәтердің несиесіне кететін қаражат отбасылық бюджетімізге еш ауыртпалық түсірмейді. Ай сайынғы несиені өтеу сомасы 45 000 теңгені құрайды, - деді өз ойымен бөліскен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшысы Мөлдір Азанбекова.

Осы жылдың алғашқы 4 айында 12 656 қазақстандық отбасы өз қоныс тойларын атап өтті, олардың 3 132-сі – «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша баспана алғандар. Жалпы, аймақтардағы әкімдіктердің мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан бойынша 14 220 пәтерді қолданысқа беру жоспарлануда.

Тұрғын үй нысандары жөніндегі барлық ақпарат baspana.kz порталында жарияланған.

 

 

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

БАҚ үшін қосымша ақпарат: +7 (727) 279 35 11 (ішкі 00526), 8 707 7 33 22 92, pr@hcsbk.kz

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.