QAZAQ AIR ӘУЕКОМПАНИЯСЫ ШЕКАРАЛЫҚ АЙМАҚТАРҒА ҰШАДЫ
QAZAQ AIR әуе компаниясы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовке жаңа Bombardier Q400 NextGen жаңа лайнерін таныстырды. Қордың басшысы жаңа әуе кеменің жабдықтары және артықшылықтарымен, сондай-ақ авиакомпанияның даму жоспарларымен танысты.
Атап айтқанда, әуе флотын кеңейту ішкі рейстердің жиілігін арттырып, шекаралас өңірлерге: Астрахань, Бішкек, Ош, Тбилиси, Минеральные Воды және өзге де қалаларға жаңа халықаралық рейстерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 7 маусымынан бастап жаңа лайнерлер Алматы-Ош бағытында тұрақты рейстерді іске асырады. Қазақстан мен Қырғызстанның оңтүстік астаналары арасындағы рейстер аптасына екі рет дүйсенбі және жұма күндері ұшады.
Өз кезегінде, А. Есімов жаңа әуе кемесіне оң баға беріп, саланы дамыту үшін және жолаушыларға жоғарғы қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз ету үшін әуе флотын кеңейтудің және жаңартудың маңыздылығын атап өтті.
Жаңа Bombardier Q400 NextGen лайнері әлемдегі ірі әуе кеме өндірушілерінің бірі – Канада әуеқұрылыс компаниясының аймақтық лайнер өндірушісінен тікелей алынды. Жуық арада QAZAQ AIR сыйымдылығы 86 орындық кабинасы бар және бұрынғыға қарағанда дәл осындай жақсартылған ұшақ алады. Әуе флотының кеңеюі ішкі рейстердің жиілігін арттырады және шекаралас өңірлерге жаңа халықаралық рейстердің ашылуына әкеледі.
«Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚ
Қоғаммен байланыс және маркетингтік
коммуникациялар жөніндегі департамент
[xfvalue_img]