"Орталық Азияның ұлттық құқық қорғау мекемелерін қолдау жөніндегі бастамалар" Жол картасын әзірлеу және қабылдау мәселесі бойынша Орталық АЗия елдері омбудсмендерінің онлайн-конференция өтті
БҰҰДБ өңірлік өкілдіктерінің және БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының қатысуымен «Орталық Азияның ұлттық құқық қорғау мекемелерін қолдау жөніндегі бастамалар» (CASI-NHRI) Жол картасын әзірлеу және қабылдау мәселесі бойынша Орталық Азия елдері омбудсмендерінің онлайн-конференциясы өтті.
2017 жылғы қарашада Алматы қаласында өзінің Орталық Азия әріптестерімен кездесу кезінде қазақстандық Омбудсмен бастамашылық еткен өңірлік өзара іс-қимылдың осы платформасы ұлттық құқық қорғау мекемелерінің Жаһандық Альянсының жыл сайынғы отырысы аясында 2018 жылғы ақпанда Женева қаласында ресми түрде бекітілді.
Өткен онлайн-конференция барысында құқық қорғау өзара іс-қимылының, оның ішінде көші-қон, шекара маңы байланысы, азаматтарды құжаттандыру саласындағы басым мәселелері анықталды.
Ұлттық құқық қорғау мекемелерінің өңірлік ынтымақтастығы институционалдық мекемелердің мониторингіне, БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары шеңберінде міндеттерді іске асыруға, сондай-ақ БҰҰ-ның конвенциялық органдарының ұсынымдарын және арнайы рәсімдерін имплементациялауға ықпал етуі тиіс.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар «Жол картасын» қабылдау маусым айында Ташкентте өтетіндігі туралы келісті.
ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
аппаратының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]