Тағы бір сталкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды

Тағы бір сталкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды

Астана қаласы Байқоңыр ауданының прокуратурасы бойынша сталкинг дерегімен қозғалған қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдап, оның нәтижесінде тұлға кінәлі деп танылды.

Сотталған бірнеше жылдары бойы ажырасып кеткен әйелінің мазасын алған. Жәбірленуші онымен хабарласпаймын дегеніне қарамастан, сотталан оның үйіне келіп, кіре беріс есігін бұзып, бірнеше рет пәтерге заңсыз кірген. Сотталғанның заңсыз іс-әрекеттерінен жәбірленуші қорқып, пәтерінен кетіп, анасының үйіне барып жүрген. Бұған қарамастан, сотталушы жәбірленушіге барып, агрессивті түрдегі әрекеттер жасап, жанжалды жағдай тудырған.

Сондай-ақ, сотталушы тұрақты түрде бейтаныс нөмерлерден жәбірленушіге хабарласып, хабарламалар жолдап отырған. Сотталғанның іс-әрекеттері жәбірленушінің үнемі мазасын алып, қорқытатын сипатта болды.

Жүйелі түрде заңсыз әрекеттердің салдарынан жәбірленуші өзінің өмірі мен қауіпсіздігі үшін үнемі қорқынышта болып, бұл оның қозғалыс еркіндігін және күнделікті белсенділігін айтарлықтай шектеді.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты сотталушыны кінәлі деп танып, оған 100 (жүз) сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындады.

Прокуратура заңсыз қудалау үшін айыппұл түрінде 200 айлық есептік көрсеткішке дейін, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не 50 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді. 

Астана қаласының прокуратурасы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.