Қазақстандағы шағын және орта бизнеске қарсы кибершабуылдарда зиянды бағдарламалар Zoom және Microsoft Office қосымшалары ретінде жасырылған

Қазақстандағы шағын және орта бизнеске қарсы кибершабуылдарда зиянды бағдарламалар Zoom және Microsoft Office қосымшалары ретінде жасырылған

«Касперский Зертханасы» мамандары 2025 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында Қазақстандағы шағын және орта бизнеске (ШОБ) бағытталған кибершабуылдарда зиянды бағдарламалардың қай бағдарламалар түріне еліктеп жасырынғанын зерттеді. Бірінші орында – Zoom. Анықталған бірегей зиянды және қалаусыз файлдардың шамамен жартысы осы бағдарлама түрінде жасырынған. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22%-ға артқан.

Сондай-ақ, зиянкестер Microsoft Office-тің кеңінен танымал өнімдерінің атауларын пайдалануды жалғастыруда. Олардың қатарына Outlook, PowerPoint, Word, Excel және Teams жатады.

Танымал бағдарламаларға ұқсас болып көрінетін фейк-файлдардың ішінде трояндық бағдарламалар кеңінен таралған — оқиғалардың 46%-ында анықталған. Бұл зұлым бағдарламалар құрылғыда рұқсатсыз әрекеттер орындайды: деректерді жою, бұғаттау, өзгерту немесе көшіру. Тағы бір жиі кездесетін қауіп — жарнамалық бағдарламалар (инфекциялардың 37%-ы). Олар көбінесе үшінші тараптың тегін қосымшаларымен бірге келеді және құрылғыға аса қауіпті зиянды бағдарламалардың енуіне жол ашуы мүмкін.

«Бейнебайланыс сервистері қашықтан жұмыс істеуде қолайлы жағдай жасайды, ал кеңселік бағдарламалар тиімді жұмыс процесінің стандартты құралына айналды. Алайда, зиянкестер дәл осы танымал технологияларды өз пайдасына жиі қолданады. Сондықтан шағын және орта бизнес иелеріне тек тексерілген бағдарламалық жасақтаманы орнату арқылы қырағылық таныту маңызды. Лицензияланбаған бағдарламаларды қолдану арқылы үнемдеу компанияның беделіне ғана емес, қаржылық шығындарға да әкелуі мүмкін», — деп түсіндірді «Лаборатория Касперского» компаниясының Қазақстан, Орталық Азия және Моңғолия бойынша басқарушы директоры Валерий Зубанов.

Шағын және орта бизнесті киберқауіптерден қорғау үшін «Касперский Зертханасы» келесіні ұсынады:

• Қызметкерлерге фишинг және әлеуметтік инженерия әдістерін қоса алғанда, кибершабуылдарға қарсы цифрлық сауаттылықты үйрету;

• Кибероқиғаларға әрекет ету жоспарын әзірлеу және онда қызметкерлердің жауапкершілігі мен рөлін нақты белгілеу;

• Жүйе әкімшілерін киберинциденттердің болмауы үшін марапаттаудың мотивациялық жүйесін енгізу. Бұл мамандарға ақпараттық қауіпсіздік шешімдерін таңдау мен енгізуде жауапкершілікті арттыру үшін қажет;

• Деректердің резервтік көшірмелерін әртүрлі ортада сақтау, соның ішінде оффлайн құрылғыларда. Маңызды ақпаратты аптасына кемінде бір рет корпоративтік желіге қосылмаған сыртқы тасымалдаушыларға көшіру ұсынылады;

• Тек лицензияланған бағдарламалық жасақтаманы пайдалану және оны үнемі жаңартып отыру, өндірушілердің ресми хабарламаларын бақылау;

• Корпоративтік құрылғыларда сенімді антивирустық бағдарламаларды орнату, мысалы, шағын және орта бизнеске арналған Kaspersky Small Office Security  және Kaspersky Security шешімдері.

Талдау 2024 және 2025 жылдардың қаңтар-сәуір айларындағы Kaspersky Security Network деректері негізінде жүргізілді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

5 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.