Ел чемпионы : полиция қызметінде

Ел чемпионы : полиция қызметінде

Жедел қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы полиция аға лейтенанты Еламан Тишпаев – халықаралық ареналарда Қазақстанның намысын қорғап жүрген спортшы.

Еламан спорт пен қызметті қатар алып жүрген үлгілі азаматтардың бірі ретінде еліміздің мақтанышына айналып отыр.

Ол жауынгерлік самбодан спорт шебері, панкратионнан ҚР ашық кубогының алтын медаль иегері, «SHALKAR» open аралас жауынгерлік өнер бойынша халықаралық турнирінің алтын медаль және белбеу иегері.

Сонымен қатар  2025 жылы аралас жекпе-жектен өткен Қазақстан чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, ел чемпионы атанды. Бұл жеңіс оның спорттық жолындағы үлкен белес болып, кәсіби шеберлігінің, табандылығының және күш-жігерінің жарқын дәлелі болды.

Сондай-ақ, Еламан Тишпаев 2024 жылы Мәскеу қаласында өткен Татарстан Президенті кубогында жауынгерлік самбодан жеңімпаз атанды. Бұл халықаралық додада ол Қазақстан атынан өнер көрсетіп, еліміздің туын биікке көтерді.

Осы жетістіктерінің арқасында ол 2025 жылы өтетін Азия чемпионатына және Әлем чемпионатына қатысуға ресми лицензия жеңіп алып, Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар сапына енді.

Еламан — тек спортшы ғана емес, ел тыныштығын қамтамасыз ететін құқық қорғау саласының майталман маманы. Ол қызмет барысында өзіне жүктелген міндеттерді адал атқара отырып, сонымен қатар спортта да биік шыңдарды бағындыруда.

Оның еңбекқорлығы мен табандылығы көптеген офицерлер мен спортшыларға үлгі бола алады. Спорттағы жетістіктері – тәртіп пен табандылықтың, жігер мен жанқиярлықтың айғағы.

Астана қ. ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.