Canon компаниясы MAXIFY сериясын ықшам әрі ыңғайлы корпуста сапа мен өнімділікті қамтамасыз ететін үш жаңа бизнес принтерімен кеңейтіп жатыр » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
Canon компаниясы MAXIFY сериясын ықшам әрі ыңғайлы корпуста сапа мен өнімділікті қамтамасыз ететін үш жаңа бизнес принтерімен кеңейтіп жатыр

Canon компаниясы MAXIFY сериясын ықшам әрі ыңғайлы корпуста сапа мен өнімділікті қамтамасыз ететін үш жаңа бизнес принтерімен кеңейтіп жатыр

Бүгін Canon GX7140, GX6140 MegaTank және аккумуляторы бар BX110 принтерлерді нарыққа шығаратынын жариялады, бұл өнімдер талай марапатқа ие болған MAXIFY принтерлер сериясына қосылған соңғы толықтырулар болып табылады. Жоғары көлемде жоғары сапалы басып шығару үшін жасап шығарылған MAXIFY GX7140 және GX6140 толтырылмалы картридж технологиясымен, сыйымдылығы жоғары қағаз кассеталарымен және 50 параққа есептелген құжатты автоматты түрде беру құрылғысымен (ҚАБҚ) жасақталып, айрықша үнемділік пен өнімділікті қамтамасыз етеді. MAXIFY BX110 — портативті жылжымалы принтер, тысқары батареямен бірге жүреді, құжаттарды тіпті жүріп бара жатқанда да басып шығаруға мүмкіндік береді. Сенімділік пен ыңғайлылықты үйлестіре отырып, жаңа құрылғылар шағын бизнес үшін интеллектуалды, дереу қолданысқа дайын басып шығару шешімін ұсынады, соның арқасында жұмыс тиімділігін арттыруға көмектеседі.

Жаңа принтерлер клиникалардан бастап жылжымайтын мүлік агенттері мен қоймаларға дейін әртүрлі жұмыс сценарийлері үшін ықшам, икемді және ауқымы кеңейтілетін құрылғыларды қамтамасыз етеді. MAXIFY GX7040 және GX6040 негізінде жасалған GX7140 және GX6140 принтерлері жақсартылған кескін сапасын, жұмыс барысында қолдау көрсетуді және қауіпсіздік функцияларын ұсынады. MAXIFY BX110 принтері жаңартылған PIXMA TR150 нұсқасы болып табылады, жеңіл салмағын сақтай отырып және сыртқы аккумулятор арқылы ыңғайлы қуаттауды қамтамасыз ете отырып, жетілдірілген қосылым және қауіпсіздік мүмкіндіктерін береді, осылайша қызметкерлерге тіпті жүріп бара жатып та құжат басып шығаруға, жұмыстан тыс алаңдардан бастап мәжіліс залдарына дейін әртүрлі жерлерден жұмыс істеуге мұрсат береді.

Төмен шығындар төмен күйінде қалады

Сыйымдылығы жоғары сия құтыларының арқасында MAXIFY GX7140 және GX6140 жиі-жиі қайта толтырусыз ұзақ мерзімді пайдалануға арналған, сөйтіп жиі ауыстыруға байланысты шығындарды азайтады. Құтылардың өзі де қымбат емес, қағаз қоры бір кассетаға 250 парақты құрайтындықтан, ал MAXIFY GX7140 принтерінде екі кассета бар және артқы науадан 100 парақ беріледі, бір парақты басып шығару құны айтарлықтай төмендейді. Үнемді режимде құрылғылар қара түсте 9 000 параққа дейін немесе сия құтыларының толық жинағын пайдаланғанда 21 000 параққа дейін басып шығара алады1,2 . Бұл кәсіпорындар үшін шығындарды айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді, себебі, ең үздік деген лазерлік және сия бүріккіш үлгілердің ондығына қарағанда аталмыш үлгілер принтерді иеленудің жалпы құнынан орташа есеппен 90% үнемдеуді ұсынады3 . Пайдаланушы картриджді ауыстырып, принтерге өз бетінше қызмет көрсете алады, сондықтан сервис орталығынан маман шақыртудың да қажеті болмайды. Соның арқасында құрылғы барынша тиімді жұмыс істей алады, кез келген ілеспе шығындарды болдырмай, кәсіпорын жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

Ықшам, бірақ өнімді

Принтерлер жарқын түстерде сенімді және жоғары сапалы іскерлік құжаттармен қамтамасыз ете отырып, ыңғайлылықты мүмкіндіктермен үйлестіреді. MAXIFY BX110 оңай оқылатын мәтін мен жанды кескіндер шығару үшін пигментті қара сия мен бояу негізіндегі түстерді біріктіретін гибридті сия жүйесін пайдаланады. Тіпті жүріп бара жатып құжат шығарғанда да компаниялар сапалы нәтиже шығатынына сенім арта алады, сол себепті клиенттердің нысандарына барған кезде жобақаржы, ұсыныстар және техникалық қызмет көрсету есептері сияқты құжаттарды ешбір қиындықсыз басып шығара береді.

Өнімділікті қамтамасыз ету үшін жасалған екі MAXIFY GX үлгісінде де 50 параққа есептелген құжатты автоматты беру құрылғысы бар, ал GX7140 бір реттен-ақ парақтың екі жағын бірақ сканерлеуді ұсынады. GX үлгілері жылтыр қағаздан бастап хатқалталарға дейін түрлі тасығыштарда қара түсте 24 сурет/мин және түрлі түсте 15,5 сурет/мин жылдамдықпен басып шығарады және шағын элементтер үшін арнайы режимнің көмегімен штрих-кодтар мен QR кодтары4 сияқты шағын элементтерді барынша анық етіп көрсетеді . Кәдімгі қағазда басып шығару сапасы маркерлерге, үйкелуге және суға төзімді кәсіби, ұзақ сақталатын құжаттарды басып шығаруға мүмкіндік беретін пигментті сиялар мен кескін өңдеудеу технологиясының арқасында дәл әрі анық болады. Тіпті үнемді режимде де принтерлер кәсіби сапаны қамтамасыз етіп, кәсіпорындарға басып шығару нәтижелері тұрақты болатынына кепілдік береді.

Бұл мүмкіндіктердің барлығы ықшам құрылғыға сыйғызылған, өйткені MAXIFY GX7140 және GX6140 принтерлерін үстелдердің немесе шағын шкафтардың астында орналастыруға болады, соның арқасында компанияларға кәсіпорын ауданы қысқартылған күнде де кеңсе кеңістігін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. MAXIFY BX110 принтері кез келген жерге алып жүру үшін оңтайландырылған, салмағы небәрі 2,1 кг құрайды, сол себепті пайдаланушылар құрылғыны іссапарларда өздерімен бірге оп-оңай алып жүреді.

Байланыс

Қашықтан жұмыс істегенде және кәсіпорындар бірнеше нысанда жұмыс істегенде кеңселер арасында құжат алмасу жиі қиындық тудыруы мүмкін. Осы мәселені шешу үшін MAXIFY GX7140 және GX6140 принтерлері Cloud Link арқылы электрондық пошталарға, желілік папкаларға, USB жинақтағыштарға және бұлттық қоймаларға құжаттарды оңай сканерлеуге мүмкіндік беретін жұмыс барысында кешенді қолдау көрсетуді ұсынады. Бұл құжат алмасуды айтарлықтай жақсартады және пайдаланушы өнімділігін арттырады. Кәсіпорындар құжаттарды басып шығара, сканерлей, көшірмелей алады және iOS және Android жүйесіне арналған Canon PRINT қолданбасы арқылы бұлтқа қосыла алады, сөйтіп бірнеше жерде үздіксіз жұмыс істей береді. MAXIFY BX110 принтері жақсартылған қосылым мүмкіндіктеріне ие, соның арқасында Wi-Fi желісімен немесе онсыз тұрақтырақ сымсыз қосылымды қамтамасыз етеді.

Құрылғылар ең соңғы қауіпсіздік хаттамаларымен жабдықталғандықтан, пайдаланушылар құжаттарының құпиялығына сенімді бола алады. Принтерлер ақпараттың жайылып кетуіне жол бермейтін TLS1.3 қауіпсіз шифрланған байланыс хаттамасымен, сонымен қатар тіпті пайдаланушының құпиясөзі мәлім болып кетсе де, байланыс шифрын ашуға жол бермейтін WPA3-Personal сымсыз жергілікті желі хаттамасымен жарақталған.

Зубайр Рахим, Canon Europe маркетологы: «Соңғы жылдары қызметкерлердің қалай және қайда жұмыс істейтіні толығымен өзгерді: әр жерден және ортақ кеңістікте жұмыс істейтін қызметкерлер саны барған сайын өсіп бара жатыр. Өзгерістерге сай әрекет ету үшін кәсіпорындарға кез келген жерде сапаны қамтамасыз ететін ықшам, қолданыста қарапайым, өнімділігі жоғары принтерлер қажет. Canon MAXIFY өнімдері қатарының кеңейтумен, соның ішінде GX7140, GX6140 және BX110 шығарумен біз тұтынушыларға икемді, сенімді және әмбебап принтерлермен қолдау көрсетеміз. Жүріп бара жатқанда болсын, коворкинг кеңістігінде немесе дүкенде болсын, тұтынушылар қашан да сапалы нәтиже алатынына сенімді бола алады».

Қосымша ақпаратты мына жерден табуға болады: Принтеры для малого бизнеса - Canon Kazakhstan

Сілтемелер:

1 Картридждің бір түсі басып шығара алатын парақ саны — ISO/IEC 24712 диаграммасын және бастапқы орнатудан кейін ауыстыру арқылы үздіксіз басып шығаруды имитациялауды пайдаланып Canon компаниясының жеке сынақ әдісі негізінде есептелген болжалды мән.

2 Үнемді режим тығыздықты азайту арқылы сия шығынын қысқартады; стандартты режимге қарағанда 50% көп бет басып шығаруға болады.

3 Жалпы иелену құнын (ТСО) үнемдеуде салыстырылған үлгілер IDC EMEA Hardcopy Tracker (2020 жылдың 1 тоқсанындағы 2020 жылдың 3 тоқсанындағы деректері) бойынша ең көп сатылатын үздік 10 түрлі-түсті лазерлік принтерді және ең көп сатылатын сия бүріккіш 10 принтерді қамтиды. Еуродағы (€) принтерлердің орташа сату бағасы (ASP) IDC EMEA Hardcopy Tracker (2020 жылдың 1 тоқсанындағы деректерінен) алынған, ал шығыс материалдарының бағасы 2021 жылғы 2 ақпандағы жағдай бойынша өндірушілердің ресми сайттарынан алынған.

4 А4 форматындағы құжатты кәдімгі қағазда басып шығару жылдамдығы ISO/IEC 24734 стандарты бойынша «кеңсе» санатындағы сынақтағы орташа ESAT мәні негізінде өлшенеді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

  1. аватар
    Robknj 8 марта 2025 16:53

    In today's rapid world, staying informed about the latest advancements both locally and globally is more vital than ever. With a plethora of news outlets competing for attention, it's important to find a trusted source that provides not just news, but analyses, and stories that matter to you. This is where USAtoday.com , a premier online news agency in the USA, stands out. Our dedication to delivering the most current news about the USA and the world makes us a key resource for readers who seek to stay ahead of the curve.

    Subscribe for Exclusive Content: By subscribing to <a href=https://www.usatoday.com/>USAtoday.com</a>, you gain access to exclusive content, newsletters, and updates that keep you ahead of the news cycle.

    USAtoday.com is not just a news website; it's a dynamic platform that enables its readers through timely, accurate, and comprehensive reporting. As we navigate through an ever-changing landscape, our mission remains unwavering: to keep you informed, engaged, and connected. Subscribe to us today and become part of a community that values quality journalism and informed citizenship.

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.