Әуесқой фотографтарға арналған A3+ форматындағы жаңа сия бүріккіш принтер: 10 түсті пигментті сия қанық түстер және жарыққа жоғары төзімділік есебінен фотосуреттердің құндылығын асырады » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
Әуесқой фотографтарға арналған A3+ форматындағы жаңа сия бүріккіш принтер: 10 түсті пигментті сия қанық түстер және жарыққа жоғары төзімділік есебінен фотосуреттердің құндылығын асырады

Әуесқой фотографтарға арналған A3+ форматындағы жаңа сия бүріккіш принтер: 10 түсті пигментті сия қанық түстер және жарыққа жоғары төзімділік есебінен фотосуреттердің құндылығын асырады

Бүгін Canon компаниясы imagePROGRAF PRO-310 — A3+ форматында басып шығаруға арналған 10 түсті пигментті сиясы бар, фотосуреттердің жоғары сапасын, жарыққа төзімділігін пен қажалуға беріктігін біріктіретін, энтузиаст фотографтарға арналған жаңа сия бүріккіш принтерді ұсынады.

Canon imagePROGRAF PRO-310, кең форматты сия бүріккіш принтерлер сериясының жаңа өнімі, фотосуреттерін әдемі етіп басып шығаруды және ұзақ уақыт бойы өнер туындысы ретінде көпшілікке көрсетуді қалайтын фотографтардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын принтер болып табылады. Жақында әзірленген LUCIA PRO II1 пигментті сияларын қолданудың арқасында PRO сериясы, мәселен, қанық түстер және терең қара түс арқылы фотосуреттің айрықша сапалы шығуын қамтамасыз етеді, сонымен бірге басып шығарылған материалдарының жарыққа төзімділігі мен қажалуға беріктігін айтарлықтай жақсартады, соның есебінен экспрессияға бай және ұзақ сақтауға болатын жоғары сапалы жұмыстарды жасауға мүмкіндік береді.

Жоғарырақ санатты үлгілер үшін ортақ болып табылатын жаңа LUCIA PRO II сияларында ультракүлгін сәулелерге төзімді және ыдырамайтын пигмент пайдаланылады. Нәтижесінде басып шығарылған өнімдердің жарыққа төзімділігі 200 жылға2 жетіп , ұзақ уақыт бойы мұрағатта сақтауға мүмкіндік береді. Оған қоса, жылтыр қағазға басып шығару кезінде сияға қосылған балауыз беттікті тегістеп, басылған материалдарды қажалуға өте берік етеді. Ол сондай-ақ жиектеу және тасымалдау сияқты басып шығарудан кейінгі шаралар кезінде сызат түсуіне жол бермей, басып шығарылған материалдармен жұмыс жасауды әлдеқайда ыңғайлы етеді.

Жылтыр қағазға басып шығарған кезде мөлдір Chroma Optimizer сиялары шағылысқан жарықты басады және беттіктің жылтырлығын біркелкі етеді, сөйтіп жарыққа, қарау бұрышына немесе басқа қоршаған орта жағдайларына қарамастан, фотосуреттің бастапқы түсінің дәл әрі анық көрсетілуін қамтамасыз етеді. Көркемдік қағазға басып шығарған кезде тығыздығы жоғары күңгірт қара сия қара түс терең, тығыз болуын қамтамасыз етеді. Оның үстіне жарық пен сызатқа төзімділікті жақсартады, сонымен бірге заттардың қанық түсі мен текстурасын көрсететін мәнерлі туынды жасауға мүмкіндік беерді.

Алдыңғы үлгінің қаптамасында қолданылған пенополистирол3 бір рет қолданылатын пластикті азайту үшін қайта өңделетін бүктеме картон және целлюлоза қалыптарына алмастырылды.

1 Күңгірт қара сияны қоспағанда, imagePROGRAF PRO-6600/4600/2600/1100 принтерлерінде 9 түс үшін пайдаланылатын пигментті сия. Күңгірт қара сияда imagePROGRAF GP-4000/2000 принтерлерінде қолданылатын сия пайдаланылады.

2 Canon Photo Paper Pro Platinum пайдаланған кезде. Болжалды мәндер Жапон электроника және ақпараттық технологиялар өндірушелірінің қауымдастығы (JEITA) шығарған орын-жайдағы жарыққа төзімділікті сынау әдісіне және цифрлық түрлі түсті фотосурет әдісімен басып шығарылатын кескінінің сақталу мерзімін бағалау әдісінің (JEITA CP-3901B) мерзімді бағалау критерийлеріне сәйкес есептелген.

3 imagePROGRAF PRO-300 (2020 жылдың шілдесінде шығарылған).

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.