Есірткі контрабандасымен күрес
Астана қаласы прокуратурасының бастамасымен «Заң және Тәртіп» нарративті ақпараттық қамту аясында есірткі контрабандасымен күресуде алдын алу шараларының жиынтығы әзірленіп, жүзеге асырылды.
Полиция департаменті мен логистикалық компаниялардың біріккен жұмысы нәтижесінде пошта жөнелтілімдерін тексеру мақсатында қызметтік-іздестіру иттерін пайдалануды қарастыратын іс-шаралар жоспары бекітілді.
Нәтижесінде 6 есірткі сатушы ұсталды, 1 адам 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, қалғандарына қатысты тергеу шаралары жүргізілуде.
Есірткі контрабандасының төрт жағдайы анықталды.
Мысалы, фигурант ұсталып, оның көлігінен Алматыдан жеткізу арқылы алынған 4,9 кг мефедрон тәркіленді.
Батыс Австралиядан үрлемелі матрасқа жасырылып жеткізілген 914 гр марихуана контрабандасы анықталды. Бұл бойынша 4 адам ұсталды.
Таиландтан халықаралық есірткі жеткізу арнасын ұйымдастырған қылмыскердің заңсыз әрекеттері тоқтатылды. 998,43 гр кептірілген марихуана тәркіленді.
22.11.2024ж. Иран Ислам Республикасының азаматы ұсталды, одан пәтерін тінту кезінде Ұлыбританияның пошталық бандероліне салынған 151,20 гр кептірілген марихуана тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 296 және 297-баптарына сәйкес барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеулер басталды.
Астана қаласының прокуратурасы құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың заңдылықты, құқықтық тәртіпті және есірткі қылмысына қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіруді жалғастыруда.
#Заң_мен_Тәртіп
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Заңбәрінеортақ
Астана қаласының прокуратурасы
[xfvalue_img]