Қараша айында қандай есептіліктер тапсырып, төлемдер төлеу керек?

Қараша айында қандай есептіліктер тапсырып, төлемдер төлеу керек?

2024 жылдың қараша айында Қазақстандағы салық төлеушілер бірқатар салық есептерін тапсырып, маңызды төлемдер жасауға міндетті.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті есептіліктерді тапсыру және салықтарды төлеу мерзімдері туралы ақпаратты, соның ішінде корпоративті және жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, ҚҚС, акциз және басқа да міндетті төлемдер бойынша мәліметтерді жинақтады.

САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТЕРІ:

2024 жылдың 15 қарашасынан кешіктірмей:

  • 03 нысан – 2024 жылдың 3-тоқсаны үшін резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталған КТС есебі;
  • 04 нысан – 2024 жылдың 3-тоқсаны үшін резидент емес тұлғаның табысынан төлем көзінен ұсталған КТС есебі;
  • 00 нысан – 2024 жылдың 3-тоқсаны үшін ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларация;
  • 00 нысан – 2024 жылдың 3-тоқсаны үшін ҚҚС бойынша декларация;
  • 00 және 421.00 нысандары – 2024 ж. қыркүйек айы үшін акциз бойынша декларация және салық салуға қатысты құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер бойынша есеп айырысу;
  • 00 нысан – 2024 жылдың 3-тоқсаны үшін экспортқа арналған рента салығы декларациясы;
  • 00 нысан – 2024 жылдың 3-тоқсаны үшін пайдалы қазбаларды өндіру салығы декларациясы;
  • 00 нысан – 2024 жылдың 3-тоқсаны үшін ойын бизнесіне салық декларациясы;
  • 00 нысан – 2024 жылдың 3-тоқсаны үшін жерүсті су ресурстарын пайдалану үшін төлем декларациясы;
  • 00 нысан – 2024 жылдың 3-тоқсаны үшін қоршаған ортаға теріс әсер ету үшін төлем декларациясы;
  • 00 нысан – 2024 жылдың 3-тоқсаны үшін цифрлық майнинг үшін төлем декларациясы;
  • 00 нысан – 2024 жылдың 3-тоқсаны үшін бөлшек салықтың АСР қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация.

2024 жылдың 20 қарашасынан кешіктірмей:

  • 00 форма – 2024 жылдың қазан айы үшін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш.

ТӨЛЕМДЕР:

2024 жылдың 5 қарашасынан кешіктірмей:

  • 2024 жылға қазанда алынған табыстар бойынша жеке практикамен айналысатын тұлғаларға (жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар) ЖТС.

2024 жылдың 20 қарашасынан кешіктірмей:

  • 2024 жылдың қазан айы үшін ҚҚС (Еуразиялық экономикалық одақ аясында);
  • 2024 жылдың қазан айы үшін акциз, соның ішінде ЕАЭО мүше мемлекеттерінен импортталған тауарлар бойынша.

2024 жылдың 25 қарашасынан кешіктірмей:

  • 2024 жылғы қараша айына КТС аванстық төлемдері;
  • 2024 жылғы қазан айында төленген табыстардан төлем көзі бойынша ұсталған КТС, ЖТС;
  • 2024 жылғы қазан айында төленген табыстардан ЖТС;
  • Арнайы мобильді қосымшаны қолдана отырып, АСР қолданатын ЖК-нің 2024 жылғы қазан айындағы табыстарынан ЖТС;
  • 2024 жылдың 3-тоқсаны үшін бөлшек салықтың АСР қолданатын салық төлеушілерге арналған декларацияда көрсетілген КТС, ЖТС;
  • 2024 жылғы 3-тоқсаны үшін ҚҚС;
  • 2024 жылғы 3-тоқсаны үшін экспортқа арналған рента салығы;
  • 2024 жылғы 3-тоқсаны үшін пайдалы қазбаларды өндіру салығы;
  • 2024 жылғы 3-тоқсан үшін ойын бизнесіне салық;
  • 2024 жылғы 3-тоқсан үшін цифрлық майнинг үшін төлем;
  • 2024 жылғы қазан айы үшін әлеуметтік салық;
  • 2024 жылғы қазан айына арналған бірыңғай төлем;
  • 25 қарашадан кешіктірмей ағымдағы төлем ретінде жер салығы;
  • 25 қарашадан кешіктірмей ағымдағы төлем ретінде мүлік салығы;
  • 2024 жылғы қазан айына арналған міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);
  • 2024 жылғы қазан айына арналған міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ);
  • 2024 жылғы қазан айына арналған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖБМЗЖ);
  • 2024 жылғы қазан айына арналған әлеуметтік аударымдар;
  • 2024 жылғы қазан айына арналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) бойынша жарналар мен аударымдар.

Есептіліктерді «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы (https://cabinet.kgd.gov.kz), сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің және e-Salyq Business мобильді қосымшаларының көмегімен ұсынуға болады.

Өсімпұлдар есептелмеу үшін заңнамада белгіленген мерзімде салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді уақытылы және толық төлеу қажет.

Есептіліктерді тапсыру, салықтар мен төлемдерді төлеу туралы толық ақпаратпен Департаменттің сайтынан және @mkdalmaty_dgdalmaty Instagram парақшасынан, сондай-ақ 1414/3 нөмірі бойынша білуге болады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

  1. аватар
    Jamesdrini 6 ноября 2024 10:55

    Работайте с гейм-девелоперами на условиях продакт-плейсмента. <a href=https://www.youtube789.com/>как заработать деньги на стримах</a>

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.