Елордалық полицияның кешенді күштерінің гарнизондық таралымы әскери бөлімде өтті
ҚР Ұлттық ұланының № 5573 әскери бөлімінің алаңында кешенді күштер мен құралдардың гарнизондық таралымы өтті. Астана қаласы Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Эльдар Данияров қызмет атқаруға және қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қойылған міндеттерді орындауға кірісетін жеке құрамның дайындығын тексерді.
Тәртіп сақшыларының қызмет атқаруға дайындығы, нысанды киім-кешек және қызметтік автомобильдердің жай-күйі тексерілді.
Қызметкерлердің назарына жедел жағдай жеткізілді және қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және қала тұрғындарының көп жиналатын орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға нұсқау берілді және ерекше назар аударылды.
Гарнизондық таралым барысында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуге ерекше назар аударылды.
Астана қаласы ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]