СҚО-да полицейлер мемлекеттік тілден және ел тарихынан білімдерін жетілдірді
Облыстық тарихи-өлкетану музейінде СҚО ПД ақпараттық саясат бөлімінің қызметкерлері музей басшылығымен бірлесе отыра, танымдық экскурсия өткізді.
Тәртіп сақшылары ел тарихына терең үңіліп, білімдерін пысықтады. Музей қызметкерлері саяси қуғын-сүргін кезеңі жайлы сөз қозғап, қазақ халқының біртуар азаматтары «алашордашылар», олардың ішінде Әлихан Бөкейханов, қоғам қайраткері Смағұл Сәдуақасов туралы әңгімеледі. Олардың айтуынша, Солтүстік Қазақстанда 7600 адам қуғын-сүргінге ұшырап, оның арасынан 1,5 мың адам ату жазасына кесілген.
«Экскурсия Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аясында ұйымдастырылды. Бұдан бөлек басқа да іс-шараларды өткізу жоспарда бар. Мысалы, Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне орай, Полиция департаментінің холлында кітап көрмесі қойылды, - деді СҚО ПД ақпараттық саясат бөлімінің басшысы Сән Жұмағазина. – Мұның бәрі жас полиция қызметкерлерінің бойындағы патриоттық сезімді шыңдау процесінің бір бөлігі болып табылады».
Игорь Мерцалов
СҚО ПД ақпараттық саясат бөлімі
[xfvalue_img]