Елорда департаментінде Конституция күніне орай салтанатты іс-шара өкізілді
Астана қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Марат Төлебаев ардагерлер мен жеке құрамды келе жатқан мемлекеттік мерекемен құттықтап, салтанатты іс-шараны ашты.Ол өз сөзінде осыдан 29 жыл бұрын жалпыхалықтық референдумда Ата Заңның қабылдануының маңыздылығын еске салып, осы уақыт ішінде ішкі істер органдары азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сенімді кепіліне айналғанын атап өтті.Марат Төлебаев: «Елордалық полицейлер құқықтық тәртіптің қорғалуын және тұрғындардың қауіпсіздігін қаматамасыз ете отырып, Конституцияның адал қамқоршысы болып қала береді», атап деді. Дәстүр бойынша мерекеге орай полиция қызметкерлері медальдармен, граматолармен және алғыс хаттармен марапатталды. Қызметтік міндеттерін адал атқарғандары, қызметте жоғарғы нәтижелерге қол жеткізгендері үшін, қызметкерлерге ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен мерзімінен бұрын арнайы атақ берілді, бірқатар қызметкерлер грамоталармен, "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалі және "Ішкі істер органдарының үздігі" төсбелгілерімен марапатталды.
Астана қаласы Полиция департаменті бастығының бұйрығымен ішкі істер органының ардагерлері де алғыс хаттармен марапатталды.
Содай-ақ әкімдіктің қолдауымен полицейлерге қызметтік пәтерлердің кілті табысталды.
Астана қаласы ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]