Мүлік пен көлікке салынатын салықтар: Маңғыстау облысының тұрғындары 1 млрдтан аса теңге қарыз болды
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі – МКД) өңір тұрғындарының меншік салығы бойынша берешегінің жалпы сомасы 1,1 млрд.теңгеден асатынын хабарлайды, оның негізгі үлесі көлік салығы бойынша 983 млн. теңгеден жоғары, мүлік салығы 185 млн. теңгені құрайды.
Сонымен қатар, МКД демалыс маусымы қарсаңында Қазақстаннан тыс жерлерге шығумен түсініспеушіліктерді болдырмау мақсатында салық берешегінің жоқтығына алдын ала көз жеткізуді ұсынады. Берешек болған жағдайда сот орындаушылары мүлікке тыйым салуға, немесе Қазақстан Республикасы азаматының шетелге шығуына шектеу қоюға құқылы екендігі заңнамалық тұрғыдан көзделген.
Салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ҚР ҚМ МКК ресми интернет-ресурсында, электрондық үкімет порталында egov.kz, eSalyq Аzamat мобильді қосымшасында тексеруге болады
Бұл ретте, әркім өзін елден шығуға уақытша шектелген борышкерлер тізімінде, ҚР Әділет министрлігінің сайтында тексере алады.
МКД барлық азаматтарды салық міндеттемелерін уақтылы орындауға және салық берешегі бар жағдайда толық өтеуге шақырады.
Толық ақпарат 1414/3 нөмірі бойынша немесе @mangystaumkd Instagram парақшасында.
[xfvalue_img]