СҚО-да полицейлер жалдамалы пәтерден түнде шу шығарған 13 жасөспірім анықталды
Петропавлдағы Интернационал көшесіндегі үйдің тұрғындары жалдамалы пәтердегі шуға шағымданды. Оқиға орнына келген учаскелік инспектор 14 пен 16 жас аралығындағы 13 "тұрғынды" тапты. Шақырылған ювеналды полицейлер жасөспірімдерді куәландыруға жеткізді (біреуі мас болып шықты) және ата-аналарына әкімшілік хаттамалар толтырды.
Полицейлер адамдардан балаларының, әсіресе жаз мезгілінде, қараусыз қалуына жол бермеуді сұрайды.
"Демалыстың келуімен жасөспірімдердің түнгі уақыттағы серуендері жиілеп кетті, - деп хабарлайды СҚО ПД ЖПҚ басқарма бастығының м.а. полиция подполковнигі Александр Розбах. - Ювеналды полицейлер облыстың жас тұрғындарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, олардың тарапынан мүмкін болатын заң бұзушылықтардың жолын кесу үшін үнемі рейдтер жүргізеді. 1-10 маусым аралығында бұл жұмыс "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде күшейтілді".
Тек демалыс күндері облыс орталығында ювеналды полицейлер жасөспірімдердің заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнде үйден тыс болуына байланысты 33 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның 27 фактісі-түнгі көшелерде серуендеу. Сондай-ақ, ойын клубтарының бірінен 15 жастағы ойынқұмар табылды. Белгілі болғандай, ол үйде досымен түнейтінін айтқан. Клубтың заңды өкілі де, иесі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. "Құқықтық тәртіптің" 10 күнінде полицейлер облыс бойынша жасөспірімдердің түнгі серуенінің 117 фактісін анықтады.
Жалпы, ЖПІШ аясында полицейлер 2411 түрлі құқық бұзушылықты анықтады. Ата — ана міндеттерін орындамағаны үшін 43 адам, отбасылық тұрмыс саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін 63 адам, қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болғаны үшін 485 адам тартылды. Облыс жолдарында 18 мас жүргізуші ұсталды.
Игорь Мерцалов
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]