Елордалық полицияда тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы қылмыстық істерді тергеу бойынша дөңгелек үстел өткізілді
14 маусымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтарын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қылмыстық заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң күшіне енеді. Онда қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген. Денсаулыққа және қасақана ұрып-соғып, жеңіл зиян келтіру, қазіргі уақытта ҚР ҚК 108-1 және 109-1 баптарында көрсетілген. Сондай-ақ, Қылмыстық кодекске үш жаңа бап енгізілуде: жыныстық зорлық-зомбылық (121-1-бап), вейптерді заңсыз сату (301-1-бап) және өзін-өзі өлтіруді насихаттау (313-1-бап).
Дөңгелек үстелге қала прокурорының бірінші орынбасары Ержан Бердібеков, қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының төрағасы Қажымұхан Мекемтас, қала судьясы және аудандық полиция басқармасы бөлімдерінің басшылығы қатысты.
Кездесу барысында тергеу органдарының құзырына жататын қылмыстық іс жүргізудің алдағы ерекшеліктері талқыланды.
Жиналғандар алдында сөз сөйлеген полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ғұмар Шыныбеков Заң күшіне енген күннен бастап, әсіресе, тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша қылмыстық істердің ауыртпалығы арта түсетінін атап өтті.
«Қазіргі таңда «ЕРДР», «е-УД», деректер базасын зерделеу және процессуалдық құжаттарды рәсімдеу бойынша оқыту үшін аумақтық анықтама бөлімдеріне 18 тәжірибелі учаскелік инспектор жіберілді. Тергеу алгоритмін зерделеу бойынша учаскелік инспекторлармен, тергеушілермен тәжірибелік сабақтар жүргізілуде», - деді спикер.
Талқылау барысында тез арада шешуді, сондай-ақ қадағалау және сот органдары деңгейінде құқықтық түсіндіруді талап ететін түйткілді мәселелер қарастырылды.
«Алға қойылған мақсаттарға прокуратура, сот, сот сарапшылары, адвокаттар және қылмыстық қудалау органдары тығыз ынтымақтаса, сонымен қатар сіздердің тараптарыңыздан барынша көмек көрсетілсе ғана қол жеткізіледі», - деді полиция департаменті бастығының орынбасары. , полиция полковнигі Шыныбеков сөз соңында.
Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]