Астанада «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық шарасы жалғасуда
Қала аумағында 1-10 маусым аралығында көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Профилактикалық іс-шара басталғалы полиция қызметкерлері 85 қылмыстың бетін ашып, іздеуде жүрген 10 қылмыскерді ұстады.
Шара барысында дүкеннен ұрлық жасады деген күдікпен 27 жастағы жас жігіт ұсталды. Ол супермаркеттен «Gillette Fusion» ерлерге арналған ұстара толтырғыштарын ұрлаумен айналысқаны белгілі болған. Жас жігіт сатып алушы атын жамылып, жалпы құны 193 мың теңге тұратын 16 қорап ауыстыратын кассеталарды алып шыққан.
Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, күдікті өз кінәсін мойындады. Полицейлер оның елордадағы осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын да тексеріп жатыр.
Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]